• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елдің экономикалық және саяси өмірінде ҚР Конституцияның рөлі маңызды – студенттер (ФОТО)

Елдің экономикалық және саяси өмірінде ҚР Конституцияның рөлі маңызды – студенттер (ФОТО)

6 Наурыз, 2015 15:43
Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан республикасының конституциясы – қазіргі заманғы құқықтық феномені» атты Жоғары оқу орындары аралық студенттік конференциясы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өтті.

ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлағандай, конференция жұмысының шеңберінде студенттер жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. Техникалық, жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық бағыттар бойынша 73 жұмыс ұсынылды.  Конференция тақырыбына сәйкес студенттер мен магистранттардың ғылыми мақалалары орналасқан кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Конференция жұмысы пленарлық және 10 секциялық отырыс түрінде өтті. Онда республикамыздың 27 жоғары оқу орнынан  42 студент және Ресей Федерациясы жоғары оқу орындарынан  3 студент қатысты.

Қорытынды пленарлақ отырыста секция жетекшілері  еліміздің жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеушілік әлеуетін жоғары бағалады.  Студенттер әртүрлі зерттеу мәселелерін және оларды шешудегі жаңа бағыттарды ұсынды. 

Ең үздік баяндамалар дипломдармен марапатталды, ЖОО-лардың ректорларына алғыс хаттар жіберілген болатын.

 

 

Барлық жаңалықтар