- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР мен Монако өзара құқықтық көмек туралы мемлекетаралық шартқа қол қойды
ҚР мен Монако өзара құқықтық көмек туралы мемлекетаралық шартқа қол қойды
Кездесу барысында қылмысқа, қылмыстық жолмен табылған қаражатты жылыстатуға қарсы тұру саласында, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.
Кездесудің нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Монако Княздігі арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы мемлекетаралық шартқа қол қойылды.
«Шарт Қазақстан Президентінің Монако Князі II Альбермен 2012 жылғы кездесуі барысында қабылданған Бірлескен мәлімдемені жүзеге асыру мақсатында жасалды, оның аясында халықаралық қауіпсіздікті нығайту бойынша бірлескен жұмыс туралы уағдаластыққа қол жеткізілген болатын», - делінген хабарламада.
Тараптар қол жеткізілген келісімдердің екі мемлекеттің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстан мен Монако азаматтарының конституциялық құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауға зор үлес қосуға бағытталғанын қанағаттанушылықпен атап өтті.
Қазақстанның басты қадағалаушы органының жетекшісі атап өткендей, біздің ел үшін бұл еуропалық қауымдастыққа жақындасу жолындағы кезекті және маңызды қадам болып табылады.
Тараптар шартты жүзеге асырудағы келесі қадамдарды талқылап, трансұлттық ұйымдасқан қылмысты ескерту және жолын кесу бойынша үйлесімді іс-қимылдың маңыздылығын атап көрсетті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері