• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Малайзияның туризм саласында екі жақты алмасулар ауқымы ұлғаюда

Қазақстан мен Малайзияның туризм саласында екі жақты алмасулар ауқымы ұлғаюда

6 Наурыз, 2015 10:34
Куала-Лумпур қаласында Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Данияр Сәрекенов Малайзияның Туризм және мәдениет министрі Мұхаммед Нәзри Абдул Әзизбен кездесті.

Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, сұхбаттастар Қазақстан және Малайзия халықтарының арасындағы достық көпірі және адами байланыстардың негізі болып табылатын туризм саласындағы екі жақты алмасулар ауқымы соңғы кезде ұлғайып жатқанын атап өтті. Осы үрдісдің негізінде екі жақты қатынастардың жалпы жағымды әсерінің жатқандығы және оған жоғары мен жоғарғы деңгейдегі байланыстар мен екі ел іскерлерінің ара-қатынастары оң ықпал еткендігі туралы сұхбаттастардың пікірлері бір жерден шықты.

Қазақстандық ұлттық «Эйр Астана» әуе тасымалдаушысының Алматы – Куала-Лумпур тікелей әуе қатынасы арқылы сәтті қызмет етуі екі ел арасындағы туризм ағымдарының өсімін растайды. Сонымен қатар, 2014 ж. шілде айынан бастап Қазақстан Малайзия азаматтарына өзара келісім негізінде 15 күнге дейін визалық талаптардан босату уақытша тәртібін енгізді.

Д. Сәрекенов қазақстан-малайзия Біріккен сауда-экономикалық комитетінің жанында туризм бойынша арнайы жұмыс тобын құру қажеттілігін атап өтті.

М. Әзиз «Малайзия тарапы туризм саласындағы қатынастарды одан әрі жетілдіруге ниетті және осыны растайтын Алматы қаласындағы Малайзияның Қазақстандағы Елшілігі жанында туризм бөлімі ашылады» деп айтты. Министр «Біз Алматы қаласын Орталық Азия төңірегіндегі малайзиялық туризмін ілгерілететін хаб» ретінде қарастырамыз деп хабарлады және аталған туризм бөлімінің ресми тұсау кесері рәсіміне қатысу үшін ү.ж. мамыр айында Қазақстанға сапар шегу ниетін білдірді.

Тараптар, сонымен қатар, мәдениет саласындағы қатынастарды талқылады. Елші ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астана қаласында «Малайзияның мәдениет күндері» шарасын өткізу мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Туризм және мәдениет министрі мекемесінің бұл бастаманы жүзеге асыруға дайын екенін айтты.      

Барлық жаңалықтар