• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан президенттік сайлауды ашық өткізуді қамтамасыз етуге мүдделі – Ыдырысов

Қазақстан президенттік сайлауды ашық өткізуді қамтамасыз етуге мүдделі – Ыдырысов

6 Наурыз, 2015 09:31
Қазақстан президенттік сайлауды ашық өткізуді қамтамасыз етуге мүдделі. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ДАҚБ/ЕҚЫҰ тұтынуды бағалау жөніндегі миссия мүшесі Ричард Лаппин және Радивое Груичпен кездесу барысында мәлімдеді.

«Қазақстан ішкі заңнамалық нормаларға және жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес, барынша ашық, таза және әділ сайлауды қамтамасыз етуге ниетті және ағымдағы жылғы 26 сәуірге бекітілген президенттік сайлауды бағалау мақсатында Қазақстанға келетін халықаралық бақылаушылармен конструктивті ықпалдастыққа үміт артады», - делінген хабарламада.

ҚР СІМ басшысы сұхбаттастарын сыртқы саяси ведомствоның халықаралық бақылаушыларды шақыру және олармен пікір алмасу бойынша жүргізіп жатқан белсенді қызметі туралы хабардар етті. Сондай-ақ, ол ДАҚБ/ЕҚЫҰ-ның өкілдеріне елдегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы айтып берді, деп хабарлады ведомство.

Сұхбат соңында ҚР орталық комиссиясы ЕҚЫҰ мен басқа халықаралық ұйымдардың осыдан бұрынғы ұсыныстарын ескере отырып, сайлаудың жоғары ұйымдастырушылық деңгейін қамтамасыз ететініне сенім білдірді.

Барлық жаңалықтар