• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Таиланд құқық саласында ынтымақтастық жүргізуге мүдделі (Фото)

Қазақстан мен Таиланд құқық саласында ынтымақтастық жүргізуге мүдделі (Фото)

6 Наурыз, 2015 09:47
Бангкок қаласында Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшісі Марат Есенбаевтың Таиланд Корольдігі Бас прокуроры Тракул Винитнаяпакпен кездесуі өтті. Кездесу барысында қылмыстық-құқықтық саладағы қазақстандық-тай ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен келешегі талқыланды, деп хабарлады ҚР СІМ.

М. Есенбаев Қазақстанның ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасының негізгі бағыттары, 2015 жылы мерейтойлық күндерді – ҚР Ата Заңының 20 жылдығы мен Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы туралы, сонымен қатар Қазақстанның соттық-құқықтық және қылмыстық жүйелерді жетілдіру бойынша қолданып отырған шаралары туралы хабардар етті.

Таиландтың Бас прокуроры екі ел арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастығы дамуының жоғары дәрежесін атап өтті, оны Алматы-Бангкок және Астана-Бангкок бағыты бойынша күнделікті сапарлар дәлелдейді. Үлкен туристік ағым құқықтық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша шарттық-құқықтық базаны нығайтуды қажет етеді.

Осы мақсатта М. Есенбаев пен Т.Винитнаяпак кездесу барысында қылмыстық-құқықтық саласындағы екіжақты келісімдер жобаларын, атап айтқанда қылмыстық істер бойынша құқықтық өзара көмек көрсету туралы, сотталған адамдарды беру және қайтару туралы жобаларды талқылады.

Барлық жаңалықтар