- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылайтын республикалық қоғамдық комиссия мүшелерінің отырысы өтті
Астанада ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылайтын республикалық қоғамдық комиссия мүшелерінің отырысы өтті
Астанада 26 сәуірде өтетін Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылайтын Республикалық қоғамдық комиссия мүшелерінің отырысы өтті.
Жиынды ашқан Қазақстан азаматтық Альянсының президенті Нұрлан Ерімбетов қоғам қайраткерлерін ел үшін маңызы бар, шешуші сәттен тыс қалмауға шақыра келіп, бұл орайда, кезектен тыс Президент сайлауын бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық комиссияның жұмысын қайта жандандыру туралы шешім қабылданғанын жеткізді.
«Бұл құрылым бұған дейінгі сайлау науқандарының кезінде де өз жұмысының тиімділігін көрсеткен болатын. Біз үнемі сайлау науқандарына байланысты өзіміздің объективті бағамызды беріп келеміз. Алдағы уақытта үміткерлердің сайлауалды штабтарының, сайлау комиссияларының және БАҚ-тардың тарапынан жүргізілетін үгіт-насихат шаралары барысында еліміздің сайлау заңнамаларының сақталуына қоғамдық бақылау жасайтын боламыз. Қоғамдық бақылау аясын кеңейту, заңды және транспарентті сайлау өткізу барысында республикалық комиссия бірнеше бағытта жұмыс жүргізетін болады», – деді Н. Ерімбетов.
Оның айтуынша, еліміздің барлық өңірінде қоғамдық комиссияның бөлімшелерін құру жүзеге асырылып, электоралды үдеріске қатысатын кандидаттар үшін барлық мүмкіндік қамтамасыз етілмек.
«Сайлау үдерістерін бұзуға бағытталған әрекеттердің бетін қайтарып, оларға уақытылы тойтарыс беру, әкімшілік ресурстың және теріс пиғылды пиардың алдын алу да біздің міндетіміз. Билікпен, БАҚ-пен, саяси партиялармен және халықаралық миссиялармен тығыз қарым-қатынас жасау үшін ашық, қоғамдық үнқатысу алаңын құратын боламыз. Яғни, біз сіздермен әрқашан да байланыстамыз», – деді ол өзінің сөзінде.
«Астана Бәйтерек» әйелдер клубының төрайымы Тамара Лавриненко Қазақстан азаматтары елдегі барлық саяси үдерістер мен мемлекет дамуының куәгері болып отырғанын айтты. «Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміз көп өзгерісті басынан кешті. Халқымыздың күш-жігері мен қажыр-қайратының нәтижесінде көп жетістікке жеттік. Сол себепті, елімізде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге барлық жағдай жасалған. Алдағы уақытта, Республикалық қоғамдық комиссия осы сайлау науқанын бақылауды өзінің мойнына алып қана қоймай, оның қорытындысын баяндайтын болады»,- деді Т. Лавриненко.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Заңгерлер қауымдастығының директоры Патима Матжанова Қазақстанда тәуелсіздік алған жылдардан бері бірнеше сайлау науқандары өткеніне, бұл тиісінше, осы саладағы тәжірибенің жинақталуына ықпал еткеніне тоқталып өтті. «Біз өз еліміздегі сайлау науқандарын ғана емес, өзге елдердегі сайлауларды да бақылау кезінде көп тәжірибе жинақтадық. Сондықтан, Республикалық қоғамдық комиссияның құрамында білікті азаматтар шоғырланған, деді ол бұл орайда.
Ақын Несіпбек Айтов өз ойын былайша жеткізді: «Біз еліміз үшін маңызды да, шешуші сәттен тысқары қалмауымыз керек. Сондықтан, кезектен тыс Президент сайлауының барысын бақылайтын Республикалық қоғамдық комиссияның жұмысына қатысуға бел байлап отырмыз. Біз осы сайлаудың бастан-аяқ ашық өтуін бақылап қана қоймай, оған баға беруге міндеттіміз. Үміткерлердің сайлауалды штабтарының, сайлау комиссияларының және БАҚ-тың тарапынан жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстарының заң талаптарына сай өтуіне де айрықша бақылау жасалатын болады. Сайлаудың әділ өтуіне әрбір Қазақстан азаматы мүдделі болуы тиіс».
Қазақстан халқы Асссаиблеясы жанындағы Журналист-сарапшылар клубының төрағасы Ғаділбек Шалахметов сайлауға халықтың мейлінше көп бөлігінің келуі ел үшін өте маңызды екенін жеткізе келе, «Біз қазіргі таңда күрделі саяси кезеңді бастан өткеріп отырмыз. Оған көрші мемлекеттерде орын алып отырған саяси жағдайлар да дәлел бола алады. Қазір – өте жауапты кезең. Сондықтан, бұл сайлауға барлық азамат сайлауға атсалысады деп ойлаймын. Ал Республикалық қоғамдық комиссия өңірлерде болып, сайлау науқанының жүру барысын жіті қадағалайтын болады», - деп өз ойын түйіндеді.
Ал Бас редакторлар клубының президенті, «Жетінші арна» директорлар кеңесінің төрайымы Бибігүл Жексенбай Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау ел үшін үлкен сын сағаты болып тұрғанын тілге тиек етті.
«Бір жағынан, бұл халқымыз үшін, мемлекетіміз үшін, жалпы, қоғамдық-әкімшілік институттары мен БАҚ үшін жауапты кезең. Сондықтан, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әріптестерім де осы жауапты кезеңнен абыроймен өтуі тиіс. Әрине, әртүрлі жағдайлар болады. Кей кезде жеңіл табыс қуып, қара пиарға баратын немесе рейтинг қуып, теріс ақпарат беретін жағдайлар кездеседі. Міне, осы тұрғыда мен өз әріптестерімді өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезінуге, сайлаудың ашық әрі әділ өтуіне барынша жағдай жасауға шақырамын. Алдағы уақытта Республикалық қоғамдық комиссия сайлаудың өтуіне байланысты мониторинг жасап отырады» -деген пікірін білдірді ол.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады