- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚХА-20 ізгі іс» акциясы аясында Жамбыл облысының көпбалалы отбасыларына материалдық көмек көрсетілді
«ҚХА-20 ізгі іс» акциясы аясында Жамбыл облысының көпбалалы отбасыларына материалдық көмек көрсетілді
Бұл игі акцияға атқарушы органдар, ірі кәсіпорындар, кәсіпкерлер, ҮЕҰ, этномәдени бірлестіктер, «Нұр Отан» партиясының филиалдары қосылды. Әртүрлі жастағы және әр діндегі адамдар Ұлы Отан соғысы ардагерлері, көп балалы аналар, тұрмысы төмен отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар, елеулі ауруға ұшыраған балалар, сондай-ақ түрлі қиындыққа тап болған жандар үшін игі іс атқаруға дайын.
Қордай ауданында «Мен өмірді сүйемін» акциясы барысында 60 ардагерге көмек көрсетілді. Мүгедек балалар үшін ойыншықтар сатып әперілді, көп балалы аналар сыйлықтар алды. Шалғайдағы Мойынқұм ауданының әкімдігі тұрмысы төмен отбасыға теледидар сатып әперді. Сондай-ақ осындай жандарға «МыңаралТас Компани» ЖШС - теледидар, Хантау цемент зауыты - кір жуатын машина, Ақбақай КБК - тоңазытқыш, «Нұр Отан партиясының аудандық филиалы - кір жуатын машина тарту етті. Барлығы 700 мың теңгеге көмек көрсетілді.
Облыстың этомәдени бірлестіктері де қайырымдылық шараларын өткізуде. Мысалға, өзбек этномәдени бірлестігі көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларына 20 тонна көмір сатып әперді. Спорттық шаралар үшін, сондай-ақ ауғандық жауынгерлерге көмекке 300 мың теңге бағытталды.
Немістер қоғамы Талас, Мерке, Рысқұлов аудандарындағы, Сарысу ауданының Жвңатас қаласындағы 125 адамға дәрі-дәрмектер мен 400 мың теңгеге тонометрлер сатып әперді, деп атап өтті Л.Лысова.
«Адамдар отбасылық үйлер, спорт сарайынларын салу үшін қаржы беруде, дарынды балалар мен жастарға алға қойған мақсаттарын орындауға көмек көрсетуде. Тайқазан тостағаны ізгі істермен толтырылуда. Оның ұраны - «Ізгі іс істеуге асығыңыздар!». Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы ауқымында көптеген шаралар өтеді, оның басты мақсаты - халық бірлігін нығайту, қоғамның бейбітшілік пен келісім саясаты төңірегінде топтасуы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев негіздеген ұлысаралық тағаттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің негізгі ұстанымдарын көрсету болмақ», - деп түйіндеді Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері