- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысының әкімі әйелдерді 8 наурыз мейрамымен құттықтады (ФОТО)
Қызылорда облысының әкімі әйелдерді 8 наурыз мейрамымен құттықтады (ФОТО)
«Аймақ басшысымен кездесуге 60 тан астам әйел-аналар келді. Олардың қатарында Социалистік Еңбек Ері, батыр ана Сәлима Жұмабекова, Ұлы отан соғысына қатысушы Любовь Колесник, тыл ардагері Фазила Махамбетова, қоғам қайраткерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, мұғалімдер, дәрігерлер, балықшы, кәсіпкер, қол өнер шеберлері, геолог, актриса, мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, спортшы, этномәдени бірлестік жетекшілері, журналистер, механизатор, ауылшаруашылығының еңбеккерлері болды», - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Бүгінгі шарада мүмкіндігі шектеулі жандар да назардан тыс қалмады. Мерекенің шарапат шуағына, мейірім сәулесіне бөленген олардың әрбірінің қоғамдағы орны ерекше. Үстел басына жиналған нәзік жандылар арасындағы Зәуре Өксінбаеваға облыс әкімі Бурабай демалыс аймағына жолдама табыстады. Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі жан Зәуре Балтабайқызы осыдан бір ай бұрын өткен аймақ басшысының халық алдындағы есепті кездесуінде, денсаулығына байланысты демалыс орнына барғысы келетінін айтып өтініш жасаған болатын.
Салтанатты жиында айтылған ақ тілектер мен шырқалған әсем әуендер барша мереке иелеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шара барысында аналарға арнап «Менің Қазақстаным» республикалық музыкалық фестивалінің Гран-при иегері К.Луца әннен шашу шашса, өзге ұлт өкілі болса да қолына қазақтың қара домбырасын алып, қоңыр күйді күмбірлетіп жүрген Кристина Тигай Н.Тілендиевтің «Аққу» күйін орындап берді.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі