- Басты
- Жаңалықтар
- Семейде медициналық кластер құрылатын болды
Семейде медициналық кластер құрылатын болды
Аймақ басшысы онда медициналық кластердің салынатындығын, сол себепті мұнда медициналық туризмді дамытуға болытандығын айтты. Ал осыған қажетті жағдайлар жасау үшін кластердің абаттандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінетін болады.
Ақпарат орталығының мәліметтерінше, ШҚО әкімі Д.Ахметов бастаған делегация Семейдің оң жағалауындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты. Алдан ала дайындалған жобаға сәйкес, жағалауда көшені жарықтандыратын құралдарды ауыстырып, көлемі 42x24 метр болатын каскад субұрқағын қайта жөндеп, «Дастан» кинотеатрының айналасын көгеріштендіріп, өзге де бірқатар жұмыстарды жүзеге асыру қажет.
«Бұл аймақ өте әсем көрінеді, сондықтан мұнда тағы балалар және спорт алаңын салу керек. Сондай-ақ мұнда да көлемді абаттандыру жұмыстарын жүргізген абзал. Семейде медициналық кластер салынады. Бұл осы аймақта медициналық туризмнің дамуына ықпал етеді. Сондықтан көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстарын жеделдетіп аяқтау қажет»,-деді облыс басшысы.
Сонымен қатар, көгеріштендіру жұмыстары үшін аймақ басшылары 2,5 миллиард теңге қарастырып отыр. Осы ретте айта кететін мәселе Семей стратегиялық темір жолдар мен автомобиль, су және әуе көліктерінің байланысқан күре жолдарына орналасқан. Бұл аймақтан Омск-Майқапшағай магистралды автокөлік дәлізі өтеді. Сол себепті қала көркінің әсем болуы оның туристік және инвестициялық тартымдылығын арттыруда маңызы зор.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі -
Гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі -
Бюджеттің неғұрлым ірі сомасын игермеген министрліктер белгілі болды