- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысының әкімі көпбалалы аналарды марапаттады
Қарағанды облысының әкімі көпбалалы аналарды марапаттады
«Әйелдердің бүгінгі ұрпағы отбасының ғана ұйытқысы емес, қоғамдық өмірге де белсене қатысушылар болып табылады. Бұл еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап көрсеткендей, мемлекетіміздің дамуына әйелдердің қосып жүрген үлесі артып келе жатқанының айғағы», - деді кездесуді ашқан облыс әкімі.
Өңір басшысы көп балалы аналарға мемлекеттік наградалар – «Алтын алқа» және «Күміс алқа» тапсырды. Үй шаруасындағы әйел Гүлнар Жұмашева (Жаңаарқа ауданы), денсаулық сақтау саласының қызметкері Қарлығаш Смайылова (Қаражал қаласы), білім беру саласының қызметкері Нұргүл Иманбекова (Ақтоғай ауданы), кәсіпкер Рузалия Ахметова (Қарағанды қаласы) және үй шаруасындағы әйел Людмила Коваленко (Қарағанды қаласы) осындай марапаттарға ие болды.
Содан кейін өзара ашық пікір алмасу өтті, оның барысында Мемлекет Басшысының «Нұрлы жол – болашаққа жол» Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыруға әйелдердің қатысуы туралы сөз қозғалды.
13 баланы тәрбиелеп өсірген, мемлекеттік награда «Алтын алқа» иегері, еңбек ардагері Қайынжамал Әмірханова отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді нығайтудағы әйелдердің орнына тоқталды. «Эльпида» грек этномәдени бірлестігінің басшысы Ольга Попандопуло ұлтаралық келісім, татулық пен тұрақтылық барлық қазақстандықтардың қымбат қазынасы болып табылатынын атап көрсетті. Шахтинск қаласының «Тентек» шахтасының машинисі Айтжан Әбенова «АрселорМиттал Теміртау» компанисы Көмір департаментінің Қарағанды облысын әлеуметтік-экономикалық дамытуға қосып отырған үлесі жайында айтты.
Өңір басшысы кездесуге қатысушылардың барлығын келе жатқан мерейлі мейрамдарымен құттықтады.
«Еселі еңбектеріңіз үшін сіздерге үлкен рахмет айтқым келеді. Сіздер отбасы берекесін келтірумен қатар әр салада жемісті қызмет атқарып жүрсіздер. Баршаңызға амандық пен табыс тілеймін!»- деді кездесу соңында облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі