• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда жекешелендірудің екінші толқыны аясында 152 нысан сатылды – Сұлтанов (ФОТО)

Қазақстанда жекешелендірудің екінші толқыны аясында 152 нысан сатылды – Сұлтанов (ФОТО)

5 Наурыз, 2015 15:15
Қазақстанда жекешелендірудің екінші толқыны аясында саудаға шығарылған 273 нысанның 152-і сатылды, деп хабарлады қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ОКҚ-да.

«Бүгінде біз жекешелендірудің екінші толықынын жүзеге асырудамыз, сатылымға 273 нысан шығарылды, оның 152 сатылды, оның ішінде 64 коммуналдық меншік, ӘКК бойынша 47 нысанның 36 холдинг нысандары, республикалық меншік бойынша бар-жоғы 5 нысан», - деді министр.

Сонымен қатар, ол атап өткендей, сатылымдардың жалпы құны « KEGOC-тың» ІРО-сын есепке алмағанда 29 млрд теңгені құрады.

«Егер оған « KEGOC-тың» ІРО-сын қосатын болсақ ол 40 млрд теңгені құрады», - деп толықтырды ол.

Осы ретте, республикалық бюджетке 336 млн теңге, облыстық бюджетке  - 707 млн теңге түсті, ал холдингтер нысандардың сатылымынан 25 млрд теңге, ал ӘКК 3 млрд теңге тапты.

Б. Сұлтанов хабарлағандай, нысандарды сатып алушылардың  80-і жеке тұлға, 70-і заңды тұлға, сонымен қатар 2-і резидент емес және тағы 2-і жеке кәсіпкер.

«4 наурыздағы жағдай бойынша ерекше қызығушылықты Жамбыл және Ақтөбе облыстары көрсетті, онда сәйкесінше 11 және 10 коммуналды меншік сатылды. Ал, ӘКК ішінде көш басында Ақтөбе  мен  «Тобыл» ӘКК тұр. Ал, Павлодар облысында бірде-бір нысан сатылмады», - деп түсіндірі министр.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар