- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда «Ұлттық ойындар – халық мұрасы» көрмесі ашылды
Алматыда «Ұлттық ойындар – халық мұрасы» көрмесі ашылды
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетіндегі қызықты да айқын құбылысқа арналған көрме Қазақстанның кескіндеме, графика және мүсін жұмыстарымен таныстырады. Бұлардың ішінде Қ. Телжанов, Е. Сидоркин, Н. Гаев, А. Гурьев, С. Айтбаев, Ә. Сыдыханов, Т. Тоғысбаев, Е. Төлепбаев, О. Нұржұмаев, К. Мамақов және басқалардың туындылары қойылды.
Ұлттық сипат ерекшеліктерін, рухының күшін, халықтың тапқыштығын көрсететін қазақ ойындарының зияткерлік және басқа спорттық түрлерінің тәлім-тәрбиелік және танымдық мәні бар.
«Суырып салма ақындар арасындағы айтыс өнері де ерте заманнан-ақ ел арасында өріс алды. Ақындар халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп, зор беделге ие болды. Олардың қатысуынсыз бірде-бір ойын-сауық өтпеді. Дәстүрі әдет-ғұрыптардың координаторы болған олар үйлену тойларында келіннің бетін ашты, көл-көсір той дастархандарына бата берді, балалардың дүниеге келуіне және адамдардың бір шақтан екінші шаққа қарай аяқ басуына байланысты өткізілетін оқиғалардың қақ ортасында жүрді», - делінген хабарламада.
Ақындар айтыс үстінде өткір әлеуметтік мәселелерді жиі көтерді, адамдар өмірінде болып жатқан кемшіліктер мен теріс құбылыстарды немесе байлардың халыққа көрсеткен озбыр қылықтарын әшкереледі.
«Айтысы» (1977) осы тақырыпқа арналған.
Айта кетейік, 2015 жылы ЮНЕСКО көкпарды қазақтың ат спортын материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізу мүмкіндігі қарастырылады. Халықтың байырғы заманнан келе жатқан көкпары мен бәйгесі бүгінгі күнге дейін елімізде кең тарап, қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің ажырамас бөлігі болып қалды. Оларды ары қарай сақтап, тарату қазақстандық жас ұрпақ үшін маңызды болмақ.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды