- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президентіне G-GLOBAL жобасын әрі қарай жүзеге асырудың доктринасы ұсынылды
ҚР Президентіне G-GLOBAL жобасын әрі қарай жүзеге асырудың доктринасы ұсынылды
Кездесуге сондай-ақ Президенттің көмекшісі Е.Орынбаев қатысты. Кездесу барысында С.Нөгербеков G-GLOBAL халықаралық жобасын ілгерілету жұмысының барысы туралы баяндады, сондай-ақ оны әрі қарай жүзеге асыру доктринасын таныстырды.
Қазақстан Президенті G-GLOBAL жобасы аясындағы негізгі міндет өзекті экономикалық мәселелерді талқылау үшін қажетті алаң қалыптастыру, қатысушылардың кең ауқымын тарта отырып жаһандық дағдарыс көріністеріне қарсы амалдарды бірлесе іздеу болғанын атап өтті.
Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев G-GLOBAL коммуникативтік алаңын ілгерілету қағидаттарын қайта қарау қажеттігіне назар аударды. Көтерілген мәселелердің Астана экономикалық форумында талқыланатын тақырыптарға сәйкестігін қарастыра отырып, оны нақты мамандандыру мәселесін пысықтауды тапсырды.
С.Нөгербеков интернет кеңістікте жүзеге асырылып жатқан G-GLOBAL жобасы еліміздің негізгі жобаларын ілгерілетуге септігін тигізіп отырғанын айтты. Атап айтқанда, былтыр VII Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік ІІ конференцияны жариялап-көрсету жұмыстары аясында 400 онлайн-бейнеконференция өткізіліп, 15 мыңнан астам баяндама орналастырылған.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері