- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда отбасын сүйемелдеу институтын ашу жоспарлануда
Қазақстанда отбасын сүйемелдеу институтын ашу жоспарлануда
«Біз бүгін ықпалдастырылған үлгі – отбасын сүйемелдеу институтын ашуды жоспарлап отырмыз. Оған сәйкес, барлық бағыттар жан-жақты қаралып, әлеуметтік карта дайындалады және отбасын сүйемелдеудің жеке жоспары жасалады. Яғни, отбасына қолдау көрсетіп, оларды тығырықтан шығару үшін нақты қадамдар жасалады», - деді министрдің орынбасары.
Оның сөзінше, аталмыш институт отбасындағы қиын әлеуметтік жағдай, асырап отырған баланың мүгедек болуы немесе керісінше, отбасын асырайтын адамдардың денсаулықтарының нашар болуы, отбасы мүшелерінің жұмысқа тұра алмауы сияқты мәселелерді кешенді түрде шешетін болады.
Бұған қоса, С.Жақыпованың айтуынша, осы уақытта Мәжілістің қарауында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы жұмыс орындарын қарастыратын, жұмыс орындарына квота беру ісін өзгерту, жұмыс берушілерді мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жұмыс орындарын ашуға ынтыландыру сияқты мәселелерді қарастыратын заң жобасы жатыр.
Индира Кауметова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды