- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Ұлттық музейінде Ресейдің өзекті өнерін көрсететін суретшілердің 60 туындысы қойылды
ҚР Ұлттық музейінде Ресейдің өзекті өнерін көрсететін суретшілердің 60 туындысы қойылды
«Ресейдің заманауи көркемсуреті» атты көрме арқылы Ұлттық музей ҚР мәдениет саясатының тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылатын «Әлемдік мәдениет және заманауи өнер» жобасын ашады.
«Ресейдің заманауи көркемсуреті» атты көрмеге 28 суретшінің жұмысы қойылады. Олардың арасында Валерий Лукка, Анатолий Заславский, Феликс Волосенков, Елена Фигурина, Николай Сажин бастаған қалыптасқан тұлғалар мен Виталий Пушницкий, Илья Гапонов, Александр Дашевский сынды жас суретшілер бар. Көрмеге Владимир Овчинников, Владлен Гаврильчик, Анатолий Басин секілді ленинградттық суретшілердің туындылары енгізілген. Мұнда Ресейдің өзекті өнерін танытып жүрген аймақтық суретшілер краснодарлықВладимир Мигачевтің, новосібірлік Максим Каеткин мен Владимир Фатеевтің, липецкілік Юрий Татьяниннің де суреттері болады», - делінген хабарламада.
Эрарта музейінің кураторы Владимир Назанскидің ойластыруы бойынша, көрме экспозициясы шартты түрде мынадай бөлімдерге бөлінген: «Идентификация», «Экспрессионизм», «Жаңа байыптылық», «Мүлтіксіз кескіндеме». Алайда барлық көркемсуреттер ұсынылған құрылыммен сәйкес келе бармейді. Себебі олар жеке дара визуалды тәжірибені көрсетеді.
Көрмені ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен РФ Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейі және «Эрарта» заманауи өнер музейі бірлесіп ұйымдастыруда.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді