- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табысталды (Фото)
Алматы облысында көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табысталды (Фото)
Облыс әкімдігінде өткізілген салтанатты шараға соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, қоғам қайраткерлері, көп балалы аналар мен түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандылар қатысты.
Өңір басшысы аналарымыздың шаңырақ отын маздатып, өңір дамуына өлшеусіз үлес косып келе жатқандығына тоқтала келе, өзінің мерекелік құттықтауын жеткізді:
«Сұлулық пен нәзіктіктің иесі - Сіздерді осынау мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Әйел, отбасы, қоғам бұл үшеуі өзара тығыз байланысты. Әйел - ең алдымен, ұрпақ бақытына, өз шаңырағына, сондай-ақ Отанымыздың болашағына жауапты тұлға. Осы жиынға келе алмаған аналарды құрметтен тыс қалдырмай, арнайы құттықтау жасайтын боламыз. Дана халқымыз «Әйел күлкісі естілген ел - бақытты ел» дейді. Денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңыз аман, ғұмырларыңыз қуаныш пен шаттыққа толы болсын», - деп қорытындылады өз сөзін Амандық Баталов.
Құттықтау рәсімінен соң облыс әкімі көп балалы аналарға «Алтын» алқа, «Күміс» алқа төсбелгілерін табыстап, бірқатар азаматшаларға құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын ұсынды.
Өз кезегінде жиынға қатысушы қонақтар тарапынан, атап айтсақ Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық болгар этномәдени орталығының төрайымы Дарья Кравченко, Алакөл ауданының құрметті азаматы Ұлжалғас Дүйсебаева сөз алды. Олар өздерінің осындай атқарылып жатқан игі істерге оң бағаларын беріп, облыс әкіміне бір топ аналардың атынан өз ризашылықтарын жеткізді. Аналарға, әйелдер қауымына осындай сый-құрмет көрсеткендеріне шексіз алғыстарын білдірді.
Жиын соңында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев аналарға, әйелдер қауымына арнап ән шырқап, залда жиналған нәзік жандыларды өз өнерімен тәнті етті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы