«Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІ –шы Съезіне 101 делегат қатысады

5 Наурыз, 2015 15:37
«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының ХХІ –шы конференциясы өтті. Іс-шара барысына қатысушылар партияның 2015 жылғы астаналық филиалының негізгі мақсаттарын талқылады, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІ Съезіне делегаттарды сайлады.

Күн тәртібі шеңберінде 101 делегаттың қатарында партияның кезекті Съезіне Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясы Лидері Н.Ә.Назарбаев, партияның Саяси кеңесінің мүшелері, Орталық бақылау-ревизиялық комиссиясының мүшелері, аймақтық филиалдардың жетекшілері, БПҰ –ның төрағалары, «Партияның 50 тұлғасы» партиялық жобасының қатысушылары және партия белсенділері сайланды, деп хабарлады партия.

«Нұр Отан» партиясының алдағы XVI Съезі – шын мағынасындағы тарихи оқиға. Кезекті рет бірлігімізді, өз Көшбасшымыздың төңірегіндегі ынтымағымызды, елдің  келешегі мен тағдырының  алдындағы жауапкершілігімізді көрсете алатынымызға сенімдімін», - деп атап өтті сөйлеген сезінде Б.Байбек.

Партконференция қатысушылары, сондай-ақ, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру мәселесін, және бюджеттік қаржының тиімді жұмсалуын бақылау мәселесін талқылады.  

Ұлы Отан соғысының 70 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын іске асыруға ерекше көңіл бөлінді.

Әділбек Жақсыбековтың айтуынша, ешбір ардагер назардан тыс қалмауы үшін қалалық билік пен қоғамдастықтың жігерін біріктіру партияның мақсаты болып табылады.  

2015 жылдың 11 наурызында «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІ –шы Съезінің өтетіні белгілі. Съезге Қазақстанның барлық өңірлерінен 1200 делегат қатысады деп болжануда, олардың ішінде облыстық мәслихаттардағы депутаттық фракциялардың жетекшілері, партияның 100 ден астам ардагері мен белсендісі бар. Бұдан бөлек тұңғыш рет Съезд делегаттарының сапалық құрамында БПҰ-ның төрағалары мен шалғай ауылдардағы партия мүшелері үшін квота қарастырылған. Қазіргі уақытта еліміздің өңірлерінде партия филиалдарының аумақтық және өңірлік конференциялары өтуде.

 

Барлық жаңалықтар