• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбелік және орынборлық этнобірлестіктер ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Ақтөбелік және орынборлық этнобірлестіктер ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

5 Наурыз, 2015 14:51
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Орынбор аймақтық «Орынбор облысы халықтарының ассамблеясы» қоғамдық ұйымы Ақтөбеде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

Меморандумға қол қойылар алдында Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетте дөңгелек үстел өтті, онда интеграциялық үдерістерді жандандыру жөнінде әңгіме болды. Барлық сөйлеушілер шекаралас екі аймақ тұрғындары арасында тату көршілік қатынастарды дамытып, нығайта түсу, мәдениет, өнер, білім  және спорт салаларында  байланыстарды кеңейту қажеттігі жөнінде бірауызды ортақ пікірге келді.

«Біздің елдеріміз арасындағы қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ ауқымында осы кеңістікте ықпалдастықты тереңдете түсу қажет. Бұл мәселеде гуманитарлық байланыстар үлкен рөл атқарады», - деп атап өтті Орынбор облысы халықтары ассамблеясының президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор Веналий Амелин.

Орынбор мен Ақтөбе арасында бұл орайдағы қатынастардағы ынтымақтастық өте жақсы дамып келеді. Орынбор жоғары оқу орындарында Ақтөбе облысынан 1500 студент білім алуда. Тараптар қол қойылған меморандум Орынбор мен Ақтөбе халықтарын одан әрі жақындастырып, әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейте және тереңдете түсетініне сенімдерін білдірді.  

Барлық жаңалықтар