• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда жасалған: Отандық өндірушілер әскери мақсаттағы тауарлар көрмесінде өз өнімдерін таныстырды (Фото)

Қазақстанда жасалған: Отандық өндірушілер әскери мақсаттағы тауарлар көрмесінде өз өнімдерін таныстырды (Фото)

5 Наурыз, 2015 12:23
Алматыда отандық өндірушілердің әскери мақсаттағы тауарлар көрмесі өтті. Бұл жерде далалық киім үлгісінен бастап генерал погондарына дейінгі тауарлардың кең ауқымы көрсетілді, деп хабарлады ҚМ.

«Біз алғашқы қазақстандық погондар авторымыз. Біз оны мақтанышпен айта аламыз. Көрмеде әкелгеніміздіңбарлығы – қолмен жасалған бұйымдар. Біз өзімізді және өнімімізді көрсету үшін келдік» – деді кәсіпкер Жаннат Мұхамедшина. Әскери киім үлгісі әрқашан кәдімгіштаттық киіммен біршамаұқсас болып келеді.

Азаматтық үлгідегі киімдер әскери киімнің дамуына әсер етті деп айтуға болады.  Петропавлдық нұсқаушы конструктор Евгения Бенюк қыз-келіншектерге арналғанбұйымдарға ерекше назар аудару қажет деп санайды. Сондықтан ол жаңа үлгілердіқыз-келіншектер дене бітімінің ерекшелігін ескере отырып бұйымдарды көрермен талқысына ұсынуды дұрыс деп тапты.

Жаңа үлгілерге тек қазіргі заманғы маталар мен жаңа технологиялар пайдаланғанын атап өтті. Бастамашылардың айтуынша осындай көрмелер әрқашан үлкен қызығушылық туғызады. Бұл жолы да солай болды. Отандық өндірушілердің барлық жетістігі ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовке көрсетілді, аталған көрмеге қатысушының бірде-біреуі оның назарынан тыс қалған жоқ.

 

Барлық жаңалықтар