- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы діни форум дінаралық үнқатысуды нығайта түседі – Қ.Тоқаев
Астанадағы діни форум дінаралық үнқатысуды нығайта түседі – Қ.Тоқаев
Қ.Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен келіссөз жүргізді және оған 2015 жылғы 10-11 маусымда Астанада болатын V Съезге Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың жеке шақыруын табыс етті.
«Сіздің V Съезге қатысуыңыз прогресс жолында одан әрі ілгерілеу үшін діни иерархтар мен саясаткерлер тарапынан келісілген іс-қимыл мен өзара қолдау барда адамзат қазіргі кездегі жаһандық әлемнің қатерлеріне тиімді қарсы тұра алатынына халықаралық қоғамдастыққа нақты белгі боларына сенімдімін», - деді Сенат Төрағасы.
БҰҰ-ның Бас хатшысы ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін жоғары бағалап, Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша шақырылған діни форум маңызды әрі тиімді үнқатысу алаңы екенін атап өтті. Пан Ги Мунның айтуынша, БҰҰ Съезді қолдайды және форумның мақсаты мен міндеттерін әлемдік қоғамдастықта ілгерілетуде Қазақстанмен ынтымақтасатын болады.
БҰҰ-да өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің таныстырылымында сөз сөйлеген Қ.Тоқаев Нью-Йорк – ұлттар қауымдастығында, ең алдымен, БҰҰ және оның қазіргі замандағы өзекті мәселелерді шешудегі адамзат үміт еткен маңызды жаһандық форумдарымен астарласа еске түсетінін атап өтті.
Сенат Төрағасы БҰҰ-ның өркениетаралық үнқатысуды ілгерілету жөніндегі БҰҰ-ның көп салалы қызметін Қазақстан жоғары бағалайтынын айтты:
«Біз дінаралық және конфессияаралық келісім – бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін маңызды шарт болып табылатынына нық сенеміз. Және ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің ерекше үлгісін қалыптастыра алдық».
Тоқаев «Діни форум – дінаралық үнқатысу, әлем құрылысы, діни тұрғыдағы шиеленістерді болдырмау, халықаралық ынтамақтастықтың жаңа түрлерін әзірлеуді ілгерілету үшін діни көшбасшылардың күш-жігерін біріктіруге арналған», - деді Қ.Тоқаев.
Ол өткен төрт форумның нәтижелері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі белгілі саяси қайраткерлер мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен бірге қазіргі замандағы ең өзекті мәселелерді талқылайтын діни көшбасшылардың тұрақты жұмыс істейтін форумы ретінде қалыптасқаны туралы хабардар етті. «Астана форумы діндер мен мәдениеттер арасындағы пікір қайшылықтарын тек түрлі халықтар арасындағы бейбітшілікті, өзара түсіністікті және әріптестікті орнықтыру арқылы ғана еңсеру мүмкін екендігін паш еткен мысал болды».
Қ.Тоқаевтың Нью-Йорке жұмыс бабындағы сапары Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезіне әзірліктің маңызды бөлігі болды. Бұл форум осынау дүрбелеңге толы дүниедегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды халықаралық күш-жігердің маңызды саласы болады.
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Дін саласы: «YZ CLUB» алаңы, «Жусан» операциясы және деструктивті діни ағымдар -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған»