• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның Босния және Герцоговинамен саяси ынтымақтастығы өзара түсіністік және сенім жағдайында дамуда

Қазақстанның Босния және Герцоговинамен саяси ынтымақтастығы өзара түсіністік және сенім жағдайында дамуда

5 Наурыз, 2015 10:37
Мемлекет басшысының елшілікке арнайы жіберген өкілі Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко Босния мен Герцоговинада болды.

 Парламент Мәжілісі өкілдерінің хабарлауынша, Мәжілістің вице-спикері Босния мен Герцоговина басшыларымен кездесуі барысында екі ел басшыларына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қос мемлекет те де гүлденіп дами берсін деген ниеттегі ыстық ықыласын жетікзді. С.Дьяченко Босния мен Герцоговинаның Қазақстан үшін аймақтағы маңызды әріптесі екендігін, сол себепті мемлекеттердің саяси ынтымақтастығы өзара түсіністік пен сенім жағдайында дамып келе жатқандығын атап өтті. Босния Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның төрағалығы мен ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу және халықаралық ұйым аясындағы ынтымақтастық жөніндегі бастамаларына жоғары баға берген болатын.

Мәжіліс төрағасының орынбасары аталған елдермен екіжақты сауда-экономикалық байланыстардың нығайтылуының маңызды екендігіне назар аударды. Бұл бағытта Қазақстанның Босниямен де Герцоговинамен де тауар айналымын арттырудың зор әлеуеті бар екендігін, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың келісім-құқықтық базасын жетілдірудің де маңызы зор екендігін тілге тиек етті.    

«Мәжіліс өкілі Қазақстанның соңғы онжылдықта жүргізген әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар барысында қол жеткізген жетістіктерін қысқаша баяндап, өтті. Оның сөзінше, Қазақстан Еуропа, Америка, Азия құрлықтарынан Орталық Азия өңіріне тартылған инвестициялардың 80 пайызын елге тартты және осы қаржы көлемі тәуелісздік жылдарында 200 миллиард АҚШ долларын құраған. С.Дьяченко сонымен қатар Босния басшылыған Қазақстан халқының әл-ауқатын оңалтып, елімізді бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосуға бағытталған, Мемлекет басшысы ұсынып отырған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының қабылданғаны жөнінде хабардар етті»,-дейді Мәжіліс өкілдері.  

Ал жаһандық деңгейдегі мәселелерге қатысты С.Дьяченко Қазақстанның терроризм мен экстремизмнің кез-келген түрлерін қатаң айыптайтынын, осы ретте ол еліміздің қашанда кез-келген қайшылықты бейбіт түрде шешуге ынталы екендігін және дінаралық, ұлтаралық төзімділіктің жақтаушысы екендігін атап өтті. «Қазақстан сонымен қатар Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар аясындағы аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты міндеттердің жүзеге асуына айтарлықтай үлес қосты»,-дей келе Мәжіліс төрағасының орынбасары Босния мен Герцоговина басшыларына Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшесі болуын қолдауына өтініш білдіріп, салтанатты түрде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Босния Президенттігінің төрағасы Младени Иваничке арнайы жолдаған жоралғысын табыс етті.

Өз кезегінде босниялықтар да Қазақстан басшысына ризашылығын білдіріп, су тасқыны кезінде қаржылай көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.  Младен Иванич екі елдің арасындағы қарым-қатынастарға көңілі толатындығын алайда, сауда-экономикалық және инвестициялық және келісім-құқықтық базаны нығайту ісін әлі де тереңдете түсу қажеттігіне назар аударды.  

    

 

 

Барлық жаңалықтар