- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Берлиндегі «ITB-2015» халықаралық туристік көрмесінің жұмысына қатысты
Қазақстан Берлиндегі «ITB-2015» халықаралық туристік көрмесінің жұмысына қатысты
«Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ хабарлағандай, делегацияның құрамына сыртқы істер, инвистициялар мен даму министрліктерінің, қалалық және облыстық әкімшіліктердің, «Астана Экспо-2017» ұлттық компаниясының, туристік агенттіктердің, сервистік секторлардың, Қазақстанның қолөнер мен зергерлік өнерінің өкілдері кірді. Биылғы жылы аталмыш көрмеде 180 елден 10 мыңға жуық стендтер орнатылды.
Р.Жошыбаев алдағы уақытта Астана қаласында өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің дайындық жұмыстары туралы хабарлап, аталған шара Қазақстан және бүкіл өңір үшін туризм дамуының қозғаушы күші болатынын атап өтті.
««ITB-2015» барысында қазақсандық делегацияның басшысы Бүкіләлемдік туристік ұйымның Бас хатшысы Талеб Рифаймен бірге қазақстандық стендтің ашылу рәсіміне қатысты. БҰҰ БТҰ Бас хатшысы өз сөзінде Қазақстан еліне туристердің көптеп келуі аясында Астана қаласында өткізілетін Экспо-2017 көрмесінің маңыздылығын, қаланың инфоқұрылымдық дамуын және БТҰ тарапынан аталған мәселе бойынша біздің елге қолдау көрсететінін жеткізді. Сондай-ақ, Рифай мырза Қазақстанға аса назар аударылатын БТҰ Жібек жолы бағдарламасының жүзеге асырылу маңыздылығын атап өтті. Жібек жолы бағдарламасы БТҰ-ның 31 мүше-мемлекеттерінің өзара ықпалдастық тұғырнамасы болып саналады», - делінген хабарламада.
Көрме қатысушылары қазақстандық павильонға аса қызығушылық білдіруде. Олар қазақ ұлттық тағамынан дәм татып, дәстүрлі билерді тамашалап, ұлттық аспапта нақышына келтіріліп орындалған әдемі әуендерді естіп, сонымен қатар қолдан жасалған киіз киімдердің және күміс бұйымдардың дайындау барысын көруге мүмкіндіктері болды. Шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты ары қарай дамыту мақсатында қазақстандық делегация екіжақты келіссөздер жүргізді, оның ішінде ГФР экономика және энергетика министрлігінің туризм дирекциясының жетекшісі М. Вебермен, көрменің басшылығымен және шетелдік БАҚ өкілдерімен кехдесулер өткізді.
Қазақстан әлемдік туризмнің беделді сұхбат алаңы болып танылатын және елдің бай тарихын, мәдениетін және қайталанбас табиғатын таныстыруға мүмкіндік беретін ITB жұмысына жыл сайын қатысады. Сонымен қатар, көрме туристік саладағы көшбасшылармен тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықтың тиімді тұғырнамасы болып саналады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты