• Басты
  • Жаңалықтар
  • Талдықорғанда елдің мерейлі даталарын мерекелеуге орай 200-ге жуық ағаш отырығызылды

Талдықорғанда елдің мерейлі даталарын мерекелеуге орай 200-ге жуық ағаш отырығызылды

5 Наурыз, 2015 12:08
Талдықорған қаласында ағымдағы жылы жоспарланып отырған Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҰОС Жеңісінің 70 жылдығы, Қазақстан Халқы ассамблеясының 20 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы мерейлі даталары аясында 200-ге жуық ағаш отырғызу шарасы болып өтті.

Алматы облысының әкімдігі хабарлағандай, облыстық  «Жасыл ел» жасақтары, студенттер мен оқушылар, бір топ ардагерлер қауымы мен әжелер және қала тұрғындарының атсалысуымен 50 қарағай, 80 көк шырша, 70 тянь-шань шыршасы отырғызылып, «Жастар» паркіне көрік бере түсті.

Ағаш отырғызу рәсімінде облыс әкімі Амандық Баталов сөз сөйлеп, көктемнің алғашқы күніндегі осындай игі бастаманы тұрақты түрде өткізіп тұру керектігін айтты.

«Бұл жер болашақта Талдықорған қаласының ең көрікті, демалуға ығайлы жерлерінің бірі болады. Сонымен қатар, саябақтан бөлек бұл жерлерде  1200 орындық мектеп, мейрамхана, салтанат сарайы да бой көтереді. Жастар паркі жастардың демалатын орны. Жастар елдің болашағы. Осылардың барлығы кейінгі ұрпақ үшін жасалуда», - деп атап өтті Амандық Баталов.

Айта кететін маңызды бір жайт, 2014 жылы облыс көлемінде 10 мыңға жуық қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылған. Осыншама ағаш көшеттерін отырғызу биылғы жылғы жоспарда да бар.

 

Барлық жаңалықтар