ҚХА қазақстандық патриотизмды қалыптастыруда үлкен маңызға ие – Жапақов

5 Наурыз, 2015 15:51
Көкшетау қаласында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінде Қазақстан халқы ассамблеясы жылына арналған салтанатты іс-шарада айтылды, деп хабарлады облыстық департамент.

«Осы іс – шара «Ассамблея - бірлікке апаратын жол» атты облыстық ассамблея жобасының шеңберінде өтті», - делінген хабарламада.

Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің Төрағасы Қ.Жапақов өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық институт ретінде қазақстандық патриотизмды, рухани келісімді, ұлттық бірлікті, татулық пен толеранттылық сезімдерін қалыптастырудағы маңыздылығын баса атап өтті.

Іс-шараның құрметті қонақтары «Видергебурт» облыстық неміс этномәдени бірлестігінің басшысы С. Корнеева, облыстық мемлекеттік кірістер Департаментінің басшылығы мен қызметкерлері болды. Ассамблея мерекесін ұйымдастыру жағымды миссиясы осы мемлекеттік кірістер Департаментінің ұжымына берілді.

Іс-шара барысында көрермендердің назарына Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаев, Қазақстанның елордасы – Астана, Қазақстан халқы ассамблеясы туралы бейнероликтер ұсынылды.

Мерекелік концерттік бағдарламада жалпы білім беру орындарының оқушылары, облыстық «Қоғамдық келісім» үйінің шығармашылық ұжымдары, этномәдени бірлестіктер мен мәдени мекемелердің өкілдері өздерінің шығармашылықтары арқылы Қазақстанның эникалық әралуандығын көрсетті.

 

 

Барлық жаңалықтар