- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Қарулы Күштерінде тұңғыш спорт кеңесі құрылды
Қазақстан Қарулы Күштерінде тұңғыш спорт кеңесі құрылды
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, кеңестің төрағасы ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Ерлан Таласбаев болды, ал оның құрамына әскер түрлері мен тектерінде, өңірлік қолбасшылықтарда дене даярлығы және спорт үшін жауапты әскери қызметшілер, Қазақстандағы әскери оқу орындарының дене даярлығы кафедраларының өкілдері енді.
Құрылған спорт кеңесі әскери қызметшілер мен олардың отбасылары, әскерге шақыртылуға дейінгі жасөспірімдер арасында бұқаралық спорт қозғалысын дамытуға, салауатты өмір салтын және армия спортшыларының жетістіктерін белсенді насихаттауға септігін тигізеді.
Сондай-ақ ҚР Қарулы Күштері ауқымында жарыстарды және спортқа қатысты іс-шараларды, ҚР ҚК құрама командасына спортшыларды іріктеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу тәртібін қадағалайды. Кеңес әскер түрлері, тектері, өңірлік қолбасшылықтар, әскери бөлімдер мен мекемелердің қолбасшылығымен өзара іс-қимыл аясында дене даярлығы мен бұқаралық спорт жұмыстарыіс-шараларынтиімді ұйымдастыру туралы ұсыныстар әзірлеуді жоспарлап отыр. Ең маңызды мәселелерді спорт кеңесі кемінде жылына екі рет өтетін отырыстарда талқылайтын болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді