- Басты
- Жаңалықтар
- Е. Ыдырысов Женевадағы қарусыздану конференциясы мен БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің 28-ші сессиясында сөз сөйледі
Е. Ыдырысов Женевадағы қарусыздану конференциясы мен БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің 28-ші сессиясында сөз сөйледі
Е. Ыдырысов қарусыздану жөніндегі Конференциясында сөйлеген сөзінде Конференцияның күн тәртібіндегі өзекті мәселелері бойынша Қазақстанның ұстанымдарын жеткізіп, форум қарусыздану үдерісіне айтарлықтай үлес қосу үшін әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Осы орайда, ол қатысушы мемлекеттер Конференцияның іс-жүзінде жұмысын бастау мақсатында саяси ерік танытып, қарама-қайшылықтарға еңсеретініне сенім артты.
«Бүгінде әлем күрделі трансформацияны бастан кешіруде, және, өкінішке орай, әлем елдері әзірге бұл жаңа сындарға төтеп беруге жағдайлары келмей отыр. Біз ірі державалар арасында ықпал ету аймағы, нарық, энергоресурстарды игеру мен тасымалдау үшін бәсекенің ушыға түсуін байқап отырмыз. Бұл бәсеке қақтығыстық қарым-қатынасты күшейте түсіп, әлемдік саясаттағы «күштінің құқығы» секілді қауіпті тенденцияның нығаюына әкелуде. Нәтижесінде – қарулану жарысының белсенденуі, ұлттық мүдделерді қорғауда қарулы күштерді қолдану мен ықпал ету құралдарын қолдану белең алуда», - деп әлемдегі жағдайға өз алаңдаушылығын білдірді СІМ басшысы.
Ол консенсус қағидатының маңыздылығы мен қарусыздану жөніндегі Конференция жұмысының негізгі тәртібі мен ережелерін жоюға жол бермеуге ерекше назар аударды. Консенсус қағидатының арқасында мемлекеттердің көлемі немесе басқа да өлшемдеріне қарамастан ұлттық мүдделері қамтамасыз етіліп келетінін, бұл өз кезегінде қабылданып жүрген халықаралық құжаттардың әмбебап сипатын қамтамасыз ететінін атап өтті.
ҚР СІМ басшысы Конференцияға қатысушы мемлекеттер тізімін ұлғайтуға, сонымен қатар Конференция жұмысына азаматтық қоғамның қатысуына өз қолдауын білдіріп, жекелеген үкіметтік емес ұйымдар мен қарусыздану саласындағы институттардың тәжірибесі мен сараптамалық пікірлерін қолдану қажеттігін атап өтті.
Е. Ыдырысов айтып кеткендей, Конференцияның күн тәртібіндегі мәселелердің ішінде заңнамалық міндеттемелер негізінде, ешкімді кемсітпейтін және әмбебап құралды қабылдау арқылы жалпыға бірдей қарусыздану мәселесі, қару-жарақ мақсатында материалдарды бөлшектеу өндірісіне тыйым салу жөніндегі Келісімді жасап шығару және қол қою, ашық ғарышта қару-жарақ жарысының алдын алу, ядролық қаруы жоқ мемлекеттерге қауіпсіздік жөнінде теріс кепілдер беру Қазақстан үшін маңызды болып табылады.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ шеңберінде Жалпыға ортақ ядролық қарудан азат әлем Декларациясын қабылдау туралы бастамасына тоқтала келе, Е. Ыдырысов «жобасын Коста-Рика мен Малайзия жасаған ядролық қаруды толық және жалпыға бірдей тыйым салу жөніндегі Конвенцияның қабылдануына бағытталған маңызды қадам болар еді.
Мәлімдемелерден нақты мерзімдері бойынша шараларға көшіп, барлық мемлекеттердің, соның ішінде ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге кірмейтін елдердің ядролық қару қорларынан адамзатты құтқаратын кез келді», - деп атап өтті.
Сондай-ақ, ол ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісім халықаралық қауіпсіздіктің іргетасы болып қала беретінін жеткізді.
БҰҰ Адам құқықтары кеңесі жоғары деңгейлі сегментінің 28-ші сессиясында Е. Ыдырысов сөз сөйлеп, Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері адам құқықтарын қорғау саласындағы барлық негізгі халықаралық тетіктерге қосылу бойынша дәйекті әрі мақсатты жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті. Еліміз бұл саладағы көптеген басты конвенцияларға қосылған. Ағымды жылдың ақпанында Қазақстан мүгедектер құқықтарын қорғау Халықаралық Конвенциясын ратификациялады.
Қазақстанның БҰҰ Адам құқықтары кеңесінің арнайы тәртіптерімен белсенді ықпалдастығы бөлек аталып өтілді. Сараптама бойынша арнайы баяндамашылар Қазақстанға кейбір өзге елдерге қарағанда жиі барып тұрады. ҚР СІМ Басшысы Қазақстан арнайы тәртіптер мандаттарының иелерімен ашық диалогты одан әрі кеңейтуге мүдделілігін растады.
АҚК соңғы жоғары деңгейлі сегменті өткізілгеннен бері әлемнің әр жерлерінде түрлі жанжалдар өршіп, гуманитарлық дағдарысқа тап болғанын атап өтіп, Е. Ыдырысов жай халықты қорғау халықаралық қауымдастықтың басымдығы болуы керек деді.
Алуан ұлттар мен конфессиялар тұратын Қазақстан үшін этноаралық және дінаралық келісім мен татулықты сақтау ұлттық басымдылықтардың бірі болып табылады, деп ол сөзін жалғастырды. «Қазақстан Республикасы ұлттық және жаһандық деңгейде этноаралық және дінаралық татулықты қолдау мен нығайту мақсатында өз еңбегін аямайды», - деп айтты ол.
Министр Қазақстанда адам өлшемдеріндегі нормативтік-құқықтық базаны және қолданылатын шараларды одан әрі жақсарту мақсатында 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы жүзеге асырылуда және жақын арада 2020 жылға дейінгі жаңа Ұлттық адам құқытары саласында іс-қимылдар жоспарының өңделуі көзделген, деп конференция қатысушыларын хабардар етті.
Бала құқықтарының үәкілі институтын құру бойынша жұмыс жүргізілуде. ҚР Президенті жанында Адам құқытары жөніндегі комиссия қызмет етеді, ол Президент және адам құықтары саласындағы азаматтық қоғам институттары арасын «байланыстырып тұратын буын» ролін атқарады.
ҚР СІМ Басшысы, сонымен қатар, 2013 жылы қаңтарды ҚР СІМ маңында құрылған «Адам өлшемі бойынша диалог алаңы» туралы баяндап берді. Бұл консультативтік-кеңестік органның ерекшелігі атқарушы, заң шығарушы және сот билігі өкілдерінің азамат қауымдастығымен елдің саяси модернизациясының келесі қадамдары бойынша ашық тікелей диалог құрғандығында.
Ол, сонымен қатар, ҚР СІМ жанында қызмет ететін Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқытары халықаралық келісімшарттары жөніндегі мекемеаралық комиссияның ҚР меморгандары және БҰҰ құқық қорғау тетіктерінің арасындағы ықпалдасу жұмысын атап өтті.
Женеваға сапар барысында Е. Ыдырысовтың бірқатар екі жақты келіссөздері өтті, соның ішінде БҰҰ Адам құқытары бойынша Жоғары комиссары Зейд Раад әл-Хусейнмен және Женевадағы БҰҰ бөлімінің бас директоры м.а., Қарусыздандыру конференцияның бас хатшысы М. Мёллермен кездесті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда