- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Президентінің Арнайы уәкілі И.Адырбеков Литваға сапармен барды
Қазақстан Президентінің Арнайы уәкілі И.Адырбеков Литваға сапармен барды
Сенаттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі лауазымына Қазақстанды ілгерілету жөніндегі біздің еліміздің өтініші аясында Литваның сыртқы істер министрі Линас Линкявичюспен, Сейм төрағасының бірінші орынбасары Видас Гедвиласпен, Үкімет канцлері Альминас Мачюлиспен және көлік және коммуникациялар министрі Римантас Синкявичюспен кездесті.
Сыртқы саясат мекемесінің басшысымен кездесу барысында И.Адырбеков Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуы жөніндегі Қазақстанның өтінішін қолдау жөніндегі Литва Республикасының Президенті Д.Грибаускайтеге арналған жолдауын табыс етті.
Жүздесуде саяси және экономикалық салалардағы екіжақты қатынастар дамуының келешегі де талқыланды. Сауда және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету барысында екі елдің әлеуетін ескеру қажеттігі аталып өтілді.
И.Адырбеков Сейм төрағасының бірінші орынбасары Видас Гедвиласпен кездесуде екі ел арасындағы өзара қатынастарды, оның ішінде парламентаралық байланыстарды ұлғайту мәселелері туралы пікір алмасты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы