- Басты
- Жаңалықтар
- Атырауда жер қойнауын пайдалануда жергілікті қамту деңгейін ұлғайту мәселесі талқыланды
Атырауда жер қойнауын пайдалануда жергілікті қамту деңгейін ұлғайту мәселесі талқыланды
"Өткен жылдың қорытындылары бойынша, мұнайгаз компаниялары құны 3,1 триллион теңге болатын тауарлар мен қызметтерді сатып алып, оның 1,7 триллион теңгесін немесе 54,4 пайызын жергілікті қамту құраған. Бұл осыдан екі жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,5 есеге көп. Өсімнің бар екендігі айқын көрініп тұр және ол біздің басты міндеттеріміздің бірі. Бүгінде әлемдегі көмірсутегі ресурстары мен металдарға деген бағаның құлдырауы мұнайгаз саласына салынатын инвестициялар көлемінің кемуіне ықпал етіп отыр. Соған қарамастан, біздің елде инвесторлар өте зор жобаларды жүзеге асыруды жоспарлауда. Атап айтқанда, олар қазіргі таңда Теңіз, Қарашығанақ кеніштерінінің көлемін ұлғайтуға дайындалып, Қашағаннан мұнай өндіру ісін бастамақ», -деді Энергетика вице-министрі Мағзум Мырзағалиев.
Оның сөзінше, Мемлекет басшысының тапсырмалары негізінде Энергетика министрлігі «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясымен бірлесіп, жоғарытехнологиялы отандық машинақұрылысы өнімдерін дамытуды қолға алуда. Ал еліміздің жер қойнауын пайдалану аясындағы қазақстандық тауарлар мен қызметтерде қазақстандық қамту деңгейін арттыру мақсатында республиканың көптеген аймақтарында бірқатар кәсіпорындар іске қосылғалы отыр.
Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысындағы машинақұрылысы компаниясының базасында General Electric компаниясымен бірлесе отырып, газ турбиналарын жөндейтін сервис орталығы құрылды. Ал, қазақстандық Service Pipe Holding компаниясы CNPC компаниясымен бірлесіп, кең көлемді болат құбырлар дайындауды қолға алмақ. Сондай-ақ Тenaris Global Services компаниясы премиум-класты құбырлардың желімделген жерлерін кесетін зауыт ашпақшы.
ТОП-10 тізбесі аясындағы өндірістерді шектеу мен «Қазмұнайгазсервис» конференцияның аясында отандық кәсіпкерлерді тарту мақсатында еліміздің Энергетика министрлігі мен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында өзара ынтымақтастық пен бірлескен қимылдар жөніндегі Меморандумға қол қойылды.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек