- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Президенттікке ұсынылған кандидаттарға қол жинау үдерісі талқыланды
Астанада Президенттікке ұсынылған кандидаттарға қол жинау үдерісі талқыланды
Ортсайлауком Басшысы халықаралық сарапшыларды Орталық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі жұмысымен таныстырды.
Ол сарапшыларды сайлаудың құқықтық базасы, сайлау науқанының негізгі кезеңдерінің мерзімдері, оны ақпараттық сүйемелдеу және сайлау процесіне қатысушыларды оқыту туралы ақпараттандырды.
Сондай-ақ Қ. Тұрғанқұлов ЕҚЫҰ/ДИАҚБ ұсынымдарын іске асыру жөніндегі жұмыс және Қазақстанның қазіргі уақытта халықаралық стандарттарға толықтай сәйкес дерлік сайлау заңнамасы дәйекті түрде жүйелі жетілдіріліп отыратыны туралы айтып берді.
Кездесу барысында Президенттікке кандидаттарды қолдап қол жинау процесі мен мерзімдеріне, лингвистикалық комиссия қызметінің құқықтық негіздеріне, сайлауды ұйымдастырушыларды оқыту, сайлау процесіне қатысушыларды әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі Ортсайлаукомның жұмысына, үгіт науқаны кезеңіндегі БАҚ-тың іс-әрекеттеріне, барлық кандидаттардың БАҚ-қа тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге, шағымдар мен апелляцияларды беру және қарау рәсімдеріне қатысты мәселелер талқыланды.
Қ. Тұрғанқұлов сондай-ақ халықаралық сарапшыларға Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы сайлау процесін ұйымдастырудың барлық мәселелері мен қырлары бойынша ынтымақтастық үшін ашық екенін және ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сарапшыларына олардың тиімді жұмысы үшін барлық қажетті мәліметтер мен материалдарды ұсынуға дайын екенін айтты.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар