- Басты
- Жаңалықтар
- Президент сайлауы алматылықтар үшін ерекше маңызға ие - А.Есімов
Президент сайлауы алматылықтар үшін ерекше маңызға ие - А.Есімов
«Барша Қазақстан халқы Президент сайлауын өткізуді қазіргі кезеңдегі маңызды, өте қажет әрі еліміздің одан әрі дамуына жаңа әрі қосымша тың серпін беретін шешім ретінде қабылдады. Бұл патриоттық қозғалысқа алматылықтар алғашқылардың бірі болып қолдау білдірді», - деді Ахметжан Есімов.
Қала басшысы алматылықтар үшін сайлау процесінің ерекше тарихи маңызы бар екендігін атап өтті, өйткені 1991 жылы ҚР-ының бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың инагурациясы біздің қалада өткен болатын. Одан кейінгі сайлау науқандары барысында да қалалықтар белсенділік пен топтасқандық көрсете білді. Мысалы, 2011 жылы өткен сайлауға Алматыда 660мыңға жуық сайлаушы қатысып, олардың 90 пайыздан астамы Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыстарын берген болатын, деп хабарлады әкімдік.
Ахметжан Есімов алматылықтардың электоральді белсенділігіне мегаполистегі әлеуметтік саланың даму динамикасының ойдағыдай ықпал еткенін жеткізді. Мысалы, өткен жылдың қорытындысы бойынша Алматыда орташа жалақы 12,5 мың теңгеге өсіп, 155 мың теңгені құрады. ЖӨӨ 6,3%-ға өсті. Бұл - республикадағы үздік көрсеткіштердің бірі, оның деңгейі тұңғыш рет 8 трлн. теңгеге жетіп, еліміздің жалпы өнім өндіру көлемінің 20% -ын құрады.Алматыда тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,1%.Соңғы жылдары алматылықтардың өмір сүру ұзақтығы 3,5 жылға артып, 74,5 жасқа жетіп отыр. Қалада бюджетті толықтыру мен резерв көздерін қамтамасыз етуді іздестіретін Дағдарысқа қарсы жоспар жасалды.
«Осының барлығы - мемлекеттің ойластырылған әлеуметтік саясатының жемісі. Дағдарыстың қазіргі күрделі кезеңінде Президент тарапынан үлкен шешімдер қабылдануда - Ұлттық қордан бизнесті қолдау, адмадардың жұмыс істеуі мен еңбек етуі үшін қаржы бөлінуде.Қалалықтардың еліміздің тағдырына қатысты саяси белсенділіктерінің арта түскендігін атап өткен жөн. Адамдар тәуелсіздіктің, тұрақтылықтың, қоғамның ынтымақ- бірлігінің біздің басты байлығымыз екендігін өте жақсы түсінеді және бұдан былай да ішкі және сыртқы саясаттың бірдей, тең болуы жолында еңбек ететін болады», - деді Ахметжан Есімов.
Шара соңында үстіміздегі жылдың 11 наурызында Астана қаласында өтетін «Нұр Отан» партиясының XVI Съезіне Алматы қаласынан 88 делегат сайланды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі