2015 жылдың жазында Астана-Сеул әуерейсі ашылады – ҚР ИДМ

4 Наурыз, 2015 17:12
2015 жылдың жазында жиілігі аптасына 2 рейстен Астана – Сеул маршруты бойынша жаңа тұрақты рейс ашу жоспарланып отыр.

ҚР ИДМ-нің азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, келіссөз барысында Қазақстан тарапы екі ел арасындағы тасымал көлемін 35%-ға арттыруды ұсынды. Кездесу қорытындысы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Ол бойынша екі ел арасындағы рейстер санын көбейту көзделген.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы тұрақты әуе қатынасы былайша атқарылады:  «Эйр Астана» авиакомпаниясы апталық жиілігі 3 рейстен Алматы – Сеул – Алматы бағытында ұшулар атқаруда;«Азиана Эйрлайнз» авиакомпаниясы выполняет полеты по маршруту Сеул – Алматы – Сеул бағыты бойынша жиілігі аптасына 2 рейстен ұшулар атқарып  келеді», - делінген хабарламада.

 «Эйр Астана» авиакомпаниясы кореялық «Азиана Эйрлайнз» авиакомпаниясымен тығыз ынтымақтастық байланыс орнатқан. Ол үшін Япония, Тайвань және Оңтүстік Азияның басқа елдерінен жолаушылардың транзиттік ағыны, көбейту мақсатында екі тасымалдаушының да рейстеріндегі орындарды бірлесіп сату жөнінде код-шер келісімін жасасты.

Барлық жаңалықтар