Ақтөбе облысында ЖҚЖК аясында 274 млн теңгеге 10 мәдени нысан жөнделді

4 Наурыз, 2015 20:11
«Жұмыспен қамту-2020» Жол картасы аясында 10 мәдениет нысанына 274,8 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

Хабарлағандай, мәдениет және мұрағат саласын ұстауға және дамытуға барлығы 3,5 млрд. теңге (2013 жылы – 3,3 млрд.тенге) жұмсалды. Оның 160,9 млн. теңге саланың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, 153,6 млн. теңгесі мәдениет нысандарын салуға және қайта жаңғыртуға бағытталды.

«Жұмыспен қамту-2020» Жол картасы аясында 10 мәдениет нысанына 274,8 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді. Есепті жылы Әйтекеби ауданында Әбілқайыр хан мемориалды кешені құрылысына 115,0 млн.теңге, Алға ауданы Есет батыр мемориалдық кешенін қайта жаңғырту мен абаттандыруға 29,2 млн. теңге бағытталды.

Қызылорда облысында Ақтөбе облысының, ал қазан айында Ақтөбе облысында Қызылорда облысының мәдениет күндері өткізілді.Ресей Федерациясы шекаралас аймақтарымен және алыс, жақын шетелдермен мәдени халықаралық байланыс кеңейіп келеді. Шығармашық ұжымдар Ресейдің (Санкт-Петербург, Сочи, Орынбор, Қорған, Набережный Челный,) сонымен қатар, Түркия, Дағыстан, Біріккен Араб Эмираттары (Дубай) мемлекеттеріндегі фестивальдер мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып қайтты.

Облыс кітапханаларының кітап қоры былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37,0 мың данаға көбейді. Облыс музейлеріндегі барлық экспонаттардың саны 167958 дананы құрады.

«Мәдени мұра» ұлттық жобасын жүзеге асыру мақсатында Қобда ауданындағы Абат-Байтақ, Алға ауданындағы Есет Көкіұлы мемориалдық кешеніне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыстағы тарихи-мәдени мұраларды жүйелеу мақсатында Темір, Қарғалы, Мәртөк аудандарының, Ақтөбе қаласының және маңындағы ауылдық округтардың ескерткіштерін есепке алу және паспорттау мақсатында жұмыстар жүргізілді. «Мәдени мұра» аясында есепті жылы облыстық бюджеттен 169,0 млн.теңге бөлініп игерілді.

 

Барлық жаңалықтар