ҚР Парламенті Сенатында ҚР ОСК мүшесі қызметіне екі кандидат ұсынылды

4 Наурыз, 2015 16:31
ҚР Парламенті Сенатында ҚР ОСК мүшесі қызметіне екі кандидат ұсынылды. Бұл туралы Сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесі мен құқыққорғау органдары комитетінің ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесін тағайындау мәселелері бойынша отырысында белгілі болды.

ҚР Парламенті Сенатының атынан Бақыт Мелдешов пен Ләззәт  Сүлеймен ұсынылды.

«Бүгін жалпы  отырыста ҚР Парламенті Сенатының атынан біздің кандидатурамыз ұсынылды. Отырыста Сенат атынан комиссия мүшелерін тағайындау мәселесі қаралады. ҚР Конституциясына сәйкес, Сенат пен Мәжіліс екі кандидат ұсына алады. Біздің кандидатурамыз ұсынылды, пленарлы отырыста қалай болатынын білмеймін», - деді  Б.Мелдешов.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар