- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық тауар экспорттаушыларын қолдауға 2015 жылы 35 млрд теңге бөлінеді – Ұлттық компания
Қазақстандық тауар экспорттаушыларын қолдауға 2015 жылы 35 млрд теңге бөлінеді – Ұлттық компания
Сапардың мақсаты осы аймақта өндірілетін өнімдерді экспортқа шығару мақсатында бірлескен жоспар құру. Ұлттық компания өкілдерінің хабарлауынша, сапар барысында ұлттық даму институтының өкілдері «Актюбрентген», «Ақтөбе рельсбалка зауыты». «Металдық емес құбырлар зауыты», «Ақтөбелік мұнай құрылғылары зауыты» акционерлік қоғамдары мен «Темір сервис», «ТК Фарм» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде болды.
Өңірдің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында KAZNEX INVEST өкілдері ақтөбелік кәсіпорын қызметкерлерін арнайы дайындалған сауда миссияларының жұмыс жоспарымен таныстырып, 2015 жылға арналған халықаралық салалық көрмелер мен өзге де мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар жөнінде айтып берді. Биылғы жылы тауар экспорттаушыларды қолдау мақсатында эскпорттау мен оған дайындық шараларын қаржыландыру және лизинг бөлу үшін мемлекеттік бюджеттен 35 миллиард теңге бөлінбек.
«Болашақ жоспарлар туралы айтсақ, «Ақтөбе рельсбалка зауытының» экспорттық әлеуеті бүгінде өте жоғары. Біздің тауарларымызды, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркменстан, Иран, Өзбекстан, Грузия, Армения, Ресей, Беларусь сияқты мемлекеттерге тасымалдауға болады. Осы бағытта біз KAZNEX INVEST компаниясының қолдауымен Мәскеуде өтетін «Металл-Экспо-2015» көрмесіне қатысуға да дайынбыз»,-деді Ақтөбе рельсбалка зауытының коммерциялық директоры Андрей Шерин.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында қайта өңделген тауарлар экспорты 2014 жылы 1,6 миллиард АҚШ долларын құрады. Ал KAZNEX INVEST компаниясының қолдауымен Ақтөбе облысының өндіріс кәсіпорындары 2010-2014 жылдар аралығында 4,1 миллион АҚШ доларына экспорттық келісім жасады. Ақтөбе өңіріндегі өзге 38 кәсіпорын туралы мәліметтерді «Қазақстанның экспортты өнімдері 2014» атты кітапшасынан толық білуге болады. Аталмыш кітап әлемнің 35 мемлекетіне тарайды.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді