Ақтөбе облысының денсаулық сақтау саласына 30,9 млрд теңге бөлінді

4 Наурыз, 2015 18:49
Ақтөбе облысы бойынша өткен жыл ішінде денсаулық сақтауға жұмсалған қаражат мөлшері 30,9 млрд. теңгені құрады, оның ішінде тұрғындарға мемлекет тарапынан кепілдендірілген ақысыз медициналық көмек көрсетуге 27,8 млрд. теңге жұмсалды.

Облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, мемлекеттік «350 дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік акушерлік пунктер және 50 емхана құрылысы» бағдарламасы шеңберінде елді мекендерде 10 дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріліп, бұл жұмыстарға барлығы 172,0 млн.теңге көлемінде қаражат жұмсалды. 138 жұмыс орны ашылды.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу аймақта жоғары технологияны дамытты, соның арқасында жоғары мамандандырылған медициналық көмек көлемі аймағымыз бойынша өсті. 2014 жылы облысымызда 464 түрлі жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді. Есебі беріліп отырған жылдың ішінде облысымызда интервенциондық кардиохирургиялық араласумен 1577 ота жасалды, 411 стенттеу, 26 имплантациялық электрокардиостимулятор отасы жасалды. Жүрекке ашық түрде 122 ота жасалды, оның ішінде балаларға жасалған ота саны– 31.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар