- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы «Нұрлы жол» бойынша салынатын нысандарында жұмыс істеуге ниетті ауыл жастарын шақырады
«Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы «Нұрлы жол» бойынша салынатын нысандарында жұмыс істеуге ниетті ауыл жастарын шақырады
Іс-шара 50 пилоттық ауылдардың бірінде өтті. «Қазпочта» АҚ тұрғындарға толыққанды ақпараттық қызмет көрсету үшін бұл ауылдардағы өз бөлімшелерін кеңжолақты интернетпен және басқа да қажетті техникалық құралдармен жарақтандырған болатын. Мұндай инфрақұрылымның болуы мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпаратты тұрғындарға жеткізу жолдарын оңтайландырып отыр. Мұндай мүмкіндікті алғашқылардың бірі болып «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының белсенділері пайдаланып көрмек.
Бүгінгі таңда, «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы ауылдардағы «Қазпочта» АҚ-ның пошталық бөлімшесі арқылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынатын нысандарға жұмысқа орналасуға ниетті жұмыссыз жастардан өтініш қабылдауды бастады. Өтінімдер 15 наурызға дейін қабылданады. Әр аймақ бойынша жасалған тізім жастарды әрі қарай жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін қарастыру үшін Үкіметке жолданатын болады.
Бүгінгі кездесу кезінде өтінім беру барысы, одан кейін ауыл жастарын жұмысқа орналастыру үшін «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы тарапынан жасалатын қадамдар жайы толық түсіндірілді.
Сонымен қатар, осы жоба аясында тараптар «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы мен «Қазпочта» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді