• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚХА-ның сайлауды өткізу бастамасы жалпы мемлекеттік күн тәртібі мен геосаясаттың басымдығын өзгертті – Қарин

ҚХА-ның сайлауды өткізу бастамасы жалпы мемлекеттік күн тәртібі мен геосаясаттың басымдығын өзгертті – Қарин

4 Наурыз, 2015 14:54
ҚХА-ның сайлауды өткізу бастамасы жалпы мемлекеттік күн тәртібі мен геосаясаттың басымдығын өзгертті, деді «Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты» АҚ директоры Ерлан Қарин «Қазақстандағы 2015 жылғы президенттік сайлау: жаһандық сынды өткеру» дөңгелек үстелі барысында.

«Кезектен тыс президенттік сайлау өткізу идеясы өздігінен  пайда болған жоқ. Сайлауды өткізу қажеттігі мен оны кезектен тыс өткізу мәселесі жарты жыл және одан ұзақ уақыт бойы талқыланып жүрді. Бұл келіссөздер мен әңгімелер күздің соңында күшейе түсті. Қорытындысында бұл пікірталастар  депутаттар мен саяси партиялардың көшбасшыларын  қоғамдық пікірді саяси-құқықтық алаңға шығаруға итермеледі», - деді Ерлан Қарин Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясының сайлау өткізу  бастамасы жалпы мемлекеттік күн тәртібі мен геосаясаттың басымдығын өзгертті.

Ол атап өткендей, Қазақстанның заманауи саяси тәжірибесінде бұл сайлау Мемлекет басшысының сайлауы бойынша бесінші электоральді кампания болып есептеледі, осыған дейінгі тәжірибе көрсеткендей, барлық жағдайда электоральді кампания техникалық үдеріс ретінде ғана емес, тәуелсіз Қазақстанның жүйелік драйвері болып есептеледі. 

Барлық жаңалықтар