• Басты
  • Жаңалықтар
  • Халық қалаулылары М.Сарсембаев пен В.Фоос ҚР ОСК мүшесі болып тағайындалды

Халық қалаулылары М.Сарсембаев пен В.Фоос ҚР ОСК мүшесі болып тағайындалды

4 Наурыз, 2015 16:09
Мәжіліс халық қалаулылары М.Сарсембаев пен В.Фоосты ҚР ОСК мүшесі қызметіне де тағайындады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Осы мәселе бойынша баяндама жасаған Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашевтың атап өткеніндей, Марат Сарсембаев - 30 жылдан астам уақытын ғылыми және педагогикалық қызметке арнаған, мемлекеттік қызмет саласында да мол тәжірибе жинақтаған белгілі азамат.

Ол заң ғылымдарының докторы, профессор. Көптеген ғылыми еңбектердің авторы, халықаралық деңгейдегі санаулы заңгерлердің бірі. 2007 жылдан бері Орталық сайлау комиссиясында жұмыс істейді комиссия мүшесі және бөлім меңгерушісі.

Ал, жоғары заң білімі бар Владимир Фоос  КСРО Әскери-Теңіз Флотында қызмет атқарған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған. 1995-2000 ж.ж. аралығында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының консультанты, Заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды. 2003 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы болды.  2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары болып қызмет атқарып келеді.

Барлық жаңалықтар