Проблемалық несиелер қорына бөлінген 250 млрд теңге 2015 жылы игеріледі

4 Наурыз, 2015 14:31
Проблемалық несиелер қорына бөлінген 250 млрд теңге 2015 жылы игеріледі. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің бюджет және қаржы бойынша комитетінің мүшесі Серік Оспанов ОКҚ-да хабарлады.

«Өткен жылы проблемалық несиелер қорына 250 млрд теңге бөлінді, олар нашар несие мәселесін шешуге банктер арасында үйлестірілетін болады. Бүгінде онда ұйымдастырушылық және өзгеде шаралар қолға алынуда, сонымен қатар аталмыш қаржы ағымдағы жылы игерілетін болады», - деп мәлімдеді С. Оспанов.

Сонымен қатар, деутат атап өткендей, ипотекалық несие бойынша 2004-2009 жылдар аралығында берілген ипотекалық несиені алушыға түсетін салмақты азайту мақсатында 130 млрд теңге бөлінеді. «Бұл несиені кешіру дегенді білдірмейді, керісінше ол бойынша шарттарды жеңілдетуге арналады», - деп атап өтті ол.

Бұдан басқа, мәжілісмен толықтырып өткендей, Ұлттық қордан «Бәйтерек» холдингіне бөлінген 100 млрд теңге  2015-2016 жылдары кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін қарастырылған.

«70 млрд теңге облигациялық қарыз ретінде, оның ішінде отандық автоөндіріске қолдау көрсетуге  - 20 млрд теңге,  тікұшақтар өндірісіне  -  10 млрд  теңге, жолаушылар вагонының өндірісіне - 5 млрд теңге және экспорттаушыларға қолдау көрсетуге - 35 млрд тенге бағытталады, яғни өзіміздің өндірісімізді одан ары дамытуға жұмсалады», - деп түсіндірді ол.

Оның үстіне, 5 млрд теңге  қорға капиталға айналдыруға және үлестік салымдарды кепілдендіру үшін мақсатты трансферттер түрінде бөлінеді, ал қалған 25 млрд теңге 2016 жылы экспорттық қаржыландыру мен қорды несиелендіру үшін бөлінеді.

«Жалпы, мақсатты трансферттер көлемі 76  млрд теңгеге артып,   783,5 млрд теңгені құрайды», - деп түйді депутат.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар