- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгеретінін анықтау бойынша лингвистикалық комиссияның отырысы өтті
ҚР Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгеретінін анықтау бойынша лингвистикалық комиссияның отырысы өтті
Комиссия мүшелері комиссия жұмысына қатысты ұйымдастыру мәселелерін, Ортсайлаукомның «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау рәсімі туралы» 2015 жылғы 31 тамыздағы қаулысымен айқындалатын Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау рәсімін талқылады.
Аталған қаулыға сәйкес мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау үшін: 1) лингвистикалық комиссия ұсынған тақырып бойынша көлемі екі беттен аспайтын жазбаша тапсырма жазуы; 2) лингвистикалық комиссия ұсынған көлемі үш баспа беттен аспайтын мәтінді оқуы; 3) лингвистикалық комиссия ұсынған тақырып бойынша көпшілік алдында кемінде он бес минут сөз сөйлеуі талап етіледі.
Лингвистикалық комиссияның отырысында оның мүшелері мен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттан басқа Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері байқаушылар ретінде қатысуға құқылы.
Лингвистикалық комиссияның шешімі комиссия мүшелері санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады және отырыс хаттамасымен ресімделіп, отырыстағы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесіне кідіріссіз тапсырылады.
Лингвистикалық комиссия мүшелері қазіргі уақыттағы өлшемдер үміткердің мемлекеттік тілді білу деңгейін айқындауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ олар комиссия жұмысы ашық және жариялы түрде жүзеге асырылатынын, ал бұқаралық ақпарат құралдары әр кандидат бойынша шешім қабылдау барысын байқау мүмкіндігіне ие болатынын атап көрсетті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді