• Басты
  • Жаңалықтар
  • ОҚО-да ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыру мәселелері жөнінде семинар-кеңес өтті

ОҚО-да ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыру мәселелері жөнінде семинар-кеңес өтті

4 Наурыз, 2015 15:23
Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының сайлау комиссияларымен семинар-кеңес өтті.

ОСК баспасөз орталығында хабарлағандай, негізгі баяндамашы ретінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С. Мелдешов сөз сөйледі.

Семинар-кеңес жұмысының барысында сайлау науқанын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қоғам институттары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара тиімді әрекетіне қатысты мәселелер талқыланды.

Сайлау науқанының қазіргі кезеңіндегі бірлескен жұмыстың маңызды бағыттарының бірі ретінде семинар-кеңеске қатысушылар сайлау процесіне барлық қатысушылардың сайлау заңнамасы нормаларын бұлжытпай орындауын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Семинар-кеңес жұмысының барысында қозғалған неғұрлым көп талқыланатын және өзекті тақырыптар ішінде сайлауды қаржылық, құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету, сайлаушылардың тізімдерін жасау, нақтылау және түзету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, сайлау процесіне қатысушылардың, сонымен қатар жергілікті және халықаралық байқаушылардың сайлау комиссияларымен, мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-әрекетінің тиімділігін арттыру, сайлау комиссияларының дауыс беруді ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызметінің мәселелерін бөліп айтуға болады.

Жалпылай талқылау барысында сындарлы пікір алмасу қатысушыларға сайлау процесін ұйымдастыру шеңберінде өткізілетін жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мүмкіндігін берді.

Аумақтық сайлау комиссияларының өкілдері қызметтің түрлі бағыттары бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, семинар-кеңесте талқыланған тақырыптар бойынша пікір алмасты.

Осындай семинарларды аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері жер-жерде учаскелік сайлау комиссияларымен өткізеді.

 

Барлық жаңалықтар