- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев уран өндірісін тиімді бақылауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті
Н.Назарбаев уран өндірісін тиімді бақылауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті
«Н.Қаппаров Мемлекет басшысына компанияның трансформация бағдарламасы аясында жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндады, сондай-ақ оның жаңартылған даму стратегиясын таныстырды», - делінген хабарламада.
Қазақстан Президенті уран өнеркәсібі еліміздегі негізгі салалардың бірі екеніне және әлемдік нарықта елеулі орынға ие болып отырғанына тоқталды.
Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев уран өндірісін тиімді бақылауды қамтамасыз ету қажеттігіне, шетелдік жетекші компаниялармен өзара тиімді ынтымақтастық орнатудың және бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударды.
Н.Қаппаров қазіргі кезде Қазақстан жалпы әлемдік көлемдегі уран өндірісінің 40 пайызын қамтамасыз етіп отырғанын айтты. Компанияның алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі ядролық отын жеткізу саласындағы көшбасшылардың біріне айналу болып отыр.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы компанияның жаңартылған даму стратегиясы халықаралық консультанттардың атсалысуымен әзірленіп, инвестициялық және операциялық қызметтің тиімділігін, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыруды көздейтінін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру