• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда жасалған: Қазақстандық өнімдер Ақмола облысы тұрғындарының сұранысына ие

Қазақстанда жасалған: Қазақстандық өнімдер Ақмола облысы тұрғындарының сұранысына ие

4 Наурыз, 2015 19:53
Ерейментау ауданында «Қазақстанда жасалған» акциясы басталды, деп хабарлады Облыстың ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».

Дүкендерде отандық тауарларды қолдауға шақыру қағаздары ілінді. «Қазақстанда жасалған» жазуы бар өнімдер ерейментаулықтардың үлкен сұранысына ие болып отыр. Осы сынды логотиптер жергілікті дүкендерде ілінген.

«Ең маңыздысы, Қазақстанда жасалатын барлық өнім түрлерінің сапасы жақсы. Бұл экологиялық таза, ешбір қоспасыз жасалған өнімдер. Сондықтан да біздің сатып алушылар отандық өнімді тұтынады», - деді кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі Қуат Мукушев.

Айта кетейік, 2015 жылдың 11 ақпанында ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы «Қазақстанда жасалған» акциясын бастауды ұсынған болатын. 

Барлық жаңалықтар