ШҚО шаруашылықтарында 2014 жылы 713 мың тонна өнім өндірілді

5 Наурыз, 2015 09:21
2014 жылы облыс шаруашылықтарында 713,4 мың тонна дәнді-дақыл өндірілді, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.

«2014 жылы облыс шаруашылықтарында 713,4 мың тонна дәнді-дақыл (2013 жылдың деңгейіне 90,3%), 278,4 мың тонна күнбағыс (90,1%), 458,5 мың тонна картоп (103,7%), 241,0 мың тонна көкөніс (106,3%), 75,7 мың тонна бақша дақылдары (99,0%), 13,4 мың тонна жеміс-жидек дақылдары (108,0%) өндірілді», - делінген хабарламада.

2014 жылдың астығына жалпы егістік алқап 2013 жылғы деңгеймен салыстырғанда 27,4 мың гектарға (2,1%), соның ішінде дәнді дақылдар алқабы 2,2%, майлы дақылдар – 0,4%, көкөністер -  3,1%, мал азықтық дақылдар – 4,5%-ға кеңейді. Жеміс-жидек көшеттерінің алқабы 4,7% және бақша дақылдары – 1,0%-ға қысқарды.

Облыста дәнді, майлы және бақша дақылдары өнімінің негізгі өндірушілері шаруа қожалықтары болып табылады, олар аталған өнім түрлерінің тиісінше 59,1, 66,5 және 82,3%-ын өндірген, картоп, көкөніс және жеміс-жидек дақылдарын (80%-ға жуығы және одан көбі) жұртшылық шаруашылықтары өндірді.

Облыстың жан басына шаққанда 511 кг дәнді, 216 кг майлы тұқымдар, 329 кг картоп, 227 кг көкөніс және бақша дақылдары өндірілген.Күнбағыс (54,3%) өндіру көлемінің үлес салмағы бойынша облыс республикада бірінші, картоп (13,4%)  – үшінші, көкөніс (7,0%) - төртінші, дәнді дақылдар өндіруде (4,2%)  – бесінші орын алады.

 

Барлық жаңалықтар