- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында үздік спортшылар мен жаттықтырушыларға ақшалай сертификаттар табысталды (Фото)
Алматы облысында үздік спортшылар мен жаттықтырушыларға ақшалай сертификаттар табысталды (Фото)
«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан - 2050» Стратегиясында «Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айырықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады» деп атап өткен болатын. Осыған орай, Елбасының тапсырмасы аясында облыс спортшыларының халықаралық және республикалық жарыстарда топ жаруы үшін бүгінгі күні барлық жағдайлар жасалуда. Атап айтсақ, 2014 жылы облыс спортшылары барлығы 1167 медальға қол жеткізіп, еңбек сіңірген 2 спорт шебері, халықаралық дрежедегі 24 спорт шебері, 125 спорт шеберлері мен 495 спорт шеберлігіне үміткерлер анықталды», - деп атап өтті Амандық Баталов.
Үздік 6 спортшы мен 8 жаттықтырушыға облыс әкімінің дипломы табысталып, оларға 150 мың теңге ақшалай силық берілді. Олардың ішінде Маргарита Елисеева, Тоқтар Каркатеров, Нұржан Жұмажан, Ербол Дүкенбаев, Александр Гетало мен Дмитрий Солянин бар.
Тура осындай облыс әкімінің атынан дипломдар мен 500 мың теңгелік ақшалай сыйлығы 2014 жылы үздік деп танылған спорттық мекемелерге де берілді. Олардың қатарында Талдықорған қаласындағы №1жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв мектебі, «Жетісу» волейбол клубы және Қарасай аудандық спорт бөлімі бар.
Спорттық жаңалықтарды тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттап жүретін журналистер де облыс әкімінің дипломдары мен ақшалай сыйлықтарынан шет қалмады.
Кездесуде «Жетісу» әйелдер волейбол командасының бастығы В.Шапран және қазақша күрестен Тохтар Каркатеров сөз сөйлеп, алдағы уақытта бұдан да жоғары жетістіктерге қол жеткіземіз деп уәделерін берді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері