ОҚО-да 2014 жылы білім беру саласында 8,7 пайыз инвестиция игерілді

4 Наурыз, 2015 19:04
Облыста 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда 449384,9 млн. теңге инвестиция игерілді, олардың ішінде 8,7% немесе 38879,8 млн. теңгесі білім беру саласында жүзеге асты.

Сондай-ақ,  2,7 % немесе 11946,3 млн. теңгесі -денсаулық сақтау саласына жұмсалды.

Осы кезеңде  қуаттылығы 15526 оқушы орынды 33 жалпы білім беретін мектеп, 5794 орынды  44 мектепке дейінгі мекеме, 640 төсек орынды 3 аурухана және ауысымына 2075 келушіге арналған 58 амбулаторлы-поликлиникалық мекеме пайдалануға берілді.

Айта кетейік, білім беру және денсаулық сақтау салаларын қаржыландырудың негізгі көзі бюджет қаражаты болып табылады. Білім беру және денсаулық сақтау салаларында игерілген инвестициялардың жалпы көлеміндегі республикалық бюджеттің үлесі – 38,1%, жергілікті бюджет – 49,6% және аз бөлігі (12,3%) кәсіпорындар, ұйымдар және халықтың меншікті қаражатына тиесілі.

 

Барлық жаңалықтар