ШҚО-да 2015 жылы жүк тасымалдау көлемі 11,2 пайызға артты

5 Наурыз, 2015 09:36
2015 жылғы қаңтарда облыс көлігімен (теміржол көлігін қоспағанда) 42964,4 мың тонна жүк тасымалданды, бұл 2014 жылғы қаңтарға қарағанда 11,2%-ға көп.

Облыстың статистика департаменті хабарлағандай, ағымдағы жылғы қаңтарда облыстың автомобиль, қалалық электр көлігімен 146,5 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2014 жылғы қаңтарға қарағанда 5,6%-ға көп. Облыстың автомобиль көлігімен 145953,3 мың адам, электр көлігімен 573,5 мың адам тасымалданды.

2015 жылғы қаңтарда көліктің жолаушы айналымы 1746,5 млн. жолаушы-километрді құрады, бұл 2014 жылғы қаңтарға қарағанда 5,7%-ға көп және 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,7%-ға аз.

Барлық жаңалықтар