- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрдастарына құрмет көрсетілді
Ақмола облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрдастарына құрмет көрсетілді
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығынан» хабарлағандай, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына арналған шарада 1995 жылдың 1 наурызында дүниеге келген жоғарғы оқу орындарының студенттерін туған күндерімен құттықтады.
Аталып өткендей, Ақмола облысының этномәдени орталықтары өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздің бірлігі мен тұрақтылығында алатын орны туралы ой бөлісті.
Сонымен, Қазақстан Республикасы ІІД төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтының 3-курс студенті Жанболат Әкетай Ассамблеяның төл құрдасы. Болашақ құтқарушының алға қойған мақсаты азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға күш жұмсау. Елінің алдындағы міндетін абыроймен атқару.
Жалпы, Ассамблея құрдастарына бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 20-жылдығын атап өтуде. Өңірімізде аталған мерейтойлық күнге арнап жыл бойы іс-шаралар өткізілуде. Сондай-ақ, Ассамблея өкілдері Қазақ хандығының 550-жылдығы, Ұлы Жеңістің 70-жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығы, Абай Құнанбаевтың 170-жылдығы, Шоқан Уәлихановтың 180-жылдығына арналған шараларға белсене қатысуда. Аталған іс-шаралар ел бірлігін нығайтып, қазақ тілінің және өзге этностардың мәдениетінің дамуына ықпал етуде.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру