• Басты
  • Ақтөбе облысында ЖҚЖК аясында 8 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

Ақтөбе облысында ЖҚЖК аясында 8 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

4 Наурыз, 2015 11:56
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» Бағдарламасын іске асыруға 4,8 млрд.теңге бөлініп игерілді, 8369 жұмыссыздарға, өз-өзін жұмыспен қамтығандар мен аз қамтылғандарда жұмысқа орналастыруға осы бағдарлама аясында ықпал жасалды, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

Жұмыспен қамту  жол картасының бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 2014 жылы 82 инфрақұрылымдық жобалар мен дәрігерлік амбулаториялардың құрылысына  3,3 млрд.теңге бөлінді.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының екінші бағыты «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» бойынша 686,3 млн.теңге бөлінді. 173 Бағдарламаға қатысушылар кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.

«382 Бағдарлама қатысушыларына сомасы 654,2 млн.теңгеге шағын несие берілді (қайтарылған қаражат есебінен). Шағын несие алғандар қосымша 602 жұмыс орындарын құрып, онда жұмыспен қамту Орталықтары арқылы 336 адам жұмысқа орналастырылды», - делінген хабарламада.

Облыстың еңбек нарығына қажетті мамандықтарға оқыту үшін 2014 жылы 351,6 млн.теңге бөлініп игерілді. Кәсіптік оқытуды аяқтаған 889 бағдарламаға қатысушылардың (бұрынғы жіберілгендерді қоса есептегенде) 818 жұмысқа орналастырылды немесе 92,0%.

Жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша 1417 адамға жалақыны ішінара субсидиялау арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға ықпал етіліп 199,9 млн. теңге игерілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына алынған 1700 адамның 1345-і тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

Жастар іс-тәжірибесінің жоспар бойынша 975 адамның орнына нақты 1165 оқу орнын аяқтаған жұмыссыз-жастар жіберілді (жылдық жоспардың 119,5%). Жастар тәжірибесін аяқтаған 1359 адамның 1003 немесе 73,8% тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету Картасына сәйкес 2014 жылы 1008 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Нақты 1045 мүгедек жұмысқа орналасты, ол жоспардан 103,7 % құрады

Облыста есепті кезеңде 89 бос жұмыс орындарына жәрмеңкелер өткізілді, соның ішінен 48 мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін. Жалпы өткізілген 89 жәрмеңкенің қорытындысы бойынша 1892 адам бос орындарға жұмысқа орналасты, 452 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 453 адам әлеуметтік жұмыс орындарына алынды, 295 адам Жастар тәжірибесіне, 44 адам кәсіби даярлауға жіберілді.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар