- Басты
- Жаңалықтар
- Қостанай мен Челябинск облыстарының басшылары ынтымақтастық жөніндегі бірқатар меморандумдарға қол қойды
Қостанай мен Челябинск облыстарының басшылары ынтымақтастық жөніндегі бірқатар меморандумдарға қол қойды
Екі елдің шекаралық ынтымақтастығын дамытуға бағытталған қазақстандық-ресейлік форум барысында Қостанай облысының әкімдігі мен мен Челябинск облысы Үкіметінің арасында 2015-2018 жылодарға арналған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі келісімді жүзеге асыруға қатысты жоспарға қол қойылды.
Бұған қоса Қостанай мен Челябинск облыстарының білім басқарамаларының арасында Техникалық және кәсіби білім беру бойынша ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ «Тобыл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен «Челябинск облыстық инвестициялық даму агенттігі» арасында, Қостанай облысы мен «Чурилово» агрөнеркәсіп кешені арасында ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды.
Аталғандармен қоса В2В биржа қатынастары ұйымдастырылып, аймақтық кәсіпкерлер палаталарының, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларының, оңтүстікоралдық сауда-өнеркәсіп палатасының, инвестициялық даму агенттігі өкілдерінің қатысуымен «Бірлескен жобаларды жүзеге асырудың болашағы» атты тақырыпта конференция өтті.
Қостанайлық делегация Кунашак ауданындағы «Здоровая ферма» компаниялар тобы, «Челябинский трубопрокатный завод» ААҚ-ы, «Ариант» ет өнімдерінің фабрикасында болды. Делегация сонымен қатар, жүрек қан-тамыр хирургиясы федералды орталығы, облыстық балалар клиникалық ауруханасы мен Мемлекеттік лазерлі хирургия институтын аралып көрді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері